Главная Новости «Қазақтелеком» mobi Doctor қызметін іске қосты
29 желтоқсан 2020, 09:41 923

«Қазақтелеком» mobi Doctor қызметін іске қосты

«Қазақтелеком» mobi Doctor қызметін іске қосты

«Қазақтелеком» ресейлік «Imedicus» компаниясымен бірлесе отырып, онлайн медициналық кеңес беруге арналған mobi Doctor мобильді қосымшасын жасады. Бағдарламаны телефонға орнату арқылы қазақстандықтар кезекші дәрігер-терапевт немесе педиатрдың кеңесін әлемнің кез келген нүктесінде, аптаның жеті күнінде де күндіз-түні ала алады.

Mobi Doctor қосымшасын пайдалану үшін бар-жоғы тек телефон мен интернет қажет. Ол ауылдағы науқастарға жоғары сапалы медициналық кеңесті кез-келген уақытта алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, бір ғана фельдшер қызмет ететін  шалғайдағы ауылдарда бұл қосымша таптырмас көмек, өйткені әдетте алыс ауылдан науқастың облыс орталығына қатынауы қиын.

«Науқас үшін дәрігерден кез-келген ыңғайлы және қажет уақытта кеңес алу мүмкіндігі қашанда сұранысқа ие, ал дәл қазіргі кезеңде оның маңыздылығы арта түсті. Пандемия - жоғары сапалы және уақтылы медициналық көмек алудың қаншалықты қажет екенін көрсетіп берді», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес Дивизионының сату жөніндегі басқарушы директоры Ринат Жексенов.

Mobi Doctor қосымшасында қазақстандықтар Мәскеу және Санкт-Петербургтың жетекші клиникаларындағы білікті дәрігерлерден онлайн кеңес ала алады. Қазіргі таңда қазақстандық үздік дәрігерлермен қазақ тілінде қызмет көрсету бойынша келіссөздер жүргізілуде. Қосымшада дәрігер бірнеше минут аудио не бейне қоңырау форматында байланыса алады. Дәрігердің кеңесінен кейін сіздің жеке кабинетіңізде виртуалды медициналық жазба жасалады, ол жерде дәрігердің тағайындауларын, зертханалық қорытындылар мен рентген нәтижелерін, компьютерлік томографияны жүктеу мүмкіндігі бар.

Осылайша, қосымшаны пайдаланушылар медициналық талдаулардың мән-мағынасын түсініп, бұрын қойылған диагноз бойынша «екінші пікір» сұрап, дәрігерден дәрі-дәрмектерге қатысты жазбаша ұсыныстар алып, емдеу жоспарын өзіне ыңғайлап, тағы да басқа шараларды жүргізе алады.

«Дәрігердің кеңесін алу үшін кезекте тұрудың, алдын-ала жазылудың немесе бүкіл қаланы аралап шығудың енді еш қажеті жоқ. Қосымшаны жүктеп, өзіңізге ыңғайлы тарифті таңдап, кез-келген уақытта онлайн-чат, бейне немесе аудио байланыс форматында кеңес алуға болады», - дейді «Қазақтелеком» АҚ бөлшек сауда жөніндегі бас директоры Игорь Погребицкий.

Mobi Doctor қызметін пайдалану үшін әрбір қолданушы өзіне және отбасына сәйкес ыңғайлы тарифті таңдауы керек. Қызмет құны қол жетімді және айына 300 теңгеден басталады. Пайдаланушының барлық деректері сенімді қорғауда болады, чаттар, бейне және аудио қоңыраулар шифрланғанын және оларды үшінші тұлғаларға беру мүмкін еместігін Mobi Doctor қызметінің авторлары мәлімдейді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: