Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақтелеком катарлық Power International Holding (PIH) компаниясына «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (МТ-С) қатысу үлесінің 100% сату мәмілесін аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр ақпанда Дохада Қазақтелеком, PIH және «Самұрық-Қазына» қоры арасында бастапқы келісім, ал маусым айында ұялы байланыс операторын сату туралы түпкілікті келісім жасалған болатын.
Айта кетейік, Altel және Tele2 брендтерімен танымал «МТ-С» Қазақстандағы жоғары жылдамдықты 5G байланыс желісінің жетекші провайдері болып табылады. 2004 жылы құрылған компанияда 2000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді және 140-тан астам бөлшек сауда дүкендерін басқарады. Оператор Қазақстанның телеком-секторында шешуші позицияны иелене отырып, телекоммуникациялық және цифрлық қызметтердің кең спектрін ұсынады.
«Бұл мәміле «МТ-С» стратегиялық дамуының маңызды кезеңі болып табылады және компания алдында одан әрі өсу және қосымша құндылық жасау үшін мүмкіндіктер ашады. Power International Holding сияқты беделді халықаралық стратегиялық инвестор инновацияларды, қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын енгізбек, бәсекелестікті күшейтіп, жаңа бағдарларды белгілей отырып, «МТ-С» ғана емес, Қазақстанның бүкіл ұялы телекоммуникация саласының одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін бар күшін салатынына сенімдімін. Мен «МТ-С» командасының Қазақтелеком құрамында атқарған жұмысын мақтан тұтамын және Қазақстанның цифрлық трансформациясын қолдай отырып, компанияның позициясын одан әрі нығайту үшін эстафетаны PІН-ке қуана табыстаймын», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
20,2 миллион халқы, қамту көлемі жоғары ұялы және интернет байланысы бар Қазақстанның телекоммуникация саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оны тұтынушылардың үздік байланыс қызметтері мен цифрлық технологияларға деген сұранысының артуынан байқауға болады.
«МТ-С» компаниясын сатып алу технологияны қолдана отырып, қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған PIH көзқарасына сәйкес келеді. Желілік инфрақұрылым, деректерді талдау және цифрлық төлем жүйелері саласындағы өз тәжірибесіне сүйене отырып, PIH тұтынушылардың көңілін тауып, бүкіл Қазақстан бойынша технологиялық инновацияларды ынталандыруға ұмтылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
36
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
183
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде