Главная Новости «Қазақтелеком» «Pizza Pitch» жобасының стратегиялық серіктесі болды
07 шілде 2022, 09:30 1201

«Қазақтелеком» «Pizza Pitch» жобасының стратегиялық серіктесі болды

«Қазақтелеком» «Pizza Pitch» жобасының стратегиялық серіктесі болды

«Қазақтелеком» жаңадан енгізіліп жатқан еліміздің IT-стартап жобаларына қолдау көрсету үшін ұйымдастырылатын «Pizza Pitch» іс-шарасынұйымдастыруға серіктестік көмек көрсетті. Бұл шара елордадағы «Astana Hub IT-стартапт халықаралық технопаркі» корпоративтік қоры базасында өтті.

«Pizza Pitch» IT-ортадағы танымал жобалардың бірі, сондай-ақ қосымшаларды, бағдарламаларды әзірлеушілер мен елдің IT стартап-жобаларының авторлары арасында жоғары сұранысқа ие шаралардың бірі болып табылады. Іс-шараның мақсаты – үлкен іске жаңадан қадам басқан IT-стартаперлерді қолдау және оларды нарықта кеңейту үшін IT-жобаларды дамыту.

Іс-шараға 200-ге жуық қатысушылар, яғни стартаперлер, инвесторлар, венчурлық қорлар және Қазақстанның ІТ-болашағына қызығушылық танытқандар қатысты. Сөз сөйлеу барысында бағдарламаның жеті жобасының авторлары IT-индустриясының жетекші сарапшыларынан пікір алып, өз мүмкіндіктерін тексеріп, өз өнімін кең аудиторияға жеткізе алды. Өз кезегінде шақырылған сарапшылар «Қазақтелеком» АҚ КБД маркетинг департаментінің директоры Абылай Жұмагелдинов, TECH GARDEN дербес кластерлік қорының бас директоры Бауыржан Канкин, BTS Digital директоры Нұртай Әбдіғалиев және «Activat» инвестициялық холдингінің атқарушы директоры Әділ Ауғалиев өз пікірлерімен бөлісіп, маркетинг, B2B және В2С-сатулар, бизнес-процестерді, жобаларды ұлғайту және олардың нарықтағы сұранысын зерттеубағыттары бойынша ұсыныстар берді.

«Біз еліміздің жетекші телеком-операторы ретінде нарықта бизнесті дамытуға көмектесетін барынша көп әзірлемелер мен жаңа, тиімді шешімдердің пайда болуына мүдделіміз. «Pizza Pitch» – бұл кәсіпкерлер мен IT-өнімдер пайда болатын нақты алаң. Жоба жұмыс істеген 7 жыл ішінде стартаптардың деңгейі мен саны бірнеше есе өскені қуантады. Өйткені, стартаперлер-бұл экономикалық өсуді ынталандыратын және күрделі міндеттерге креативті шешімдер жасауға көмектесетін болашақ кәсіпкерлер», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ КБД маркетинг департаментінің директоры Абылай Жұмагелдинов.

Іс-шара соңында «Pizza Pitch» ұйымдастырушылары «Қазақтелекомның» өкілдеріне көрсеткен қолдауы мен белсенді қатысқаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: