Главная Новости «Қазақтелеком» серіктестері 5 өңірде желілер салып бастады
12 шілде 2022, 08:20 1046

«Қазақтелеком» серіктестері 5 өңірде желілер салып бастады

«Қазақтелеком» серіктестері 5 өңірде желілер салып бастады

«Қазақтелеком» шағын және орта бизнес өкілдерімен ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасын бастаған болатын. Осы жоба аясында оптика жүргізілген 36 ауылда сымсыз технология бойынша интернет тартумен айналысатын алты кәсіпкермен келісімшарт бекітілді. Қол қойылған құжат негізінде Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында желі құрылысы басталды. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ ресми сайтында хабарланды.

«Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасы шалғайдағы елді мекендерді интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап іске асырылуда. Осы бағыттағы шағын және орта бизнес кәсіпкерлерімен компания арасындағы ынтымақтастық еліміздің шалғай ауылдарын қысқа мерзімде интернетпен қамтуға көмектеседі.

«Бүгінгі таңда біз техникалық шарттар алған және еліміздің 36 ауылында желі салуға кіріскен алты серіктеспен ынтымақтасып отырмыз. Кәсіпкерлерге тиімді шарттар ұсынылды-олар абоненттік төлемнен кіріс алады, ал телеком-операторға деректерді беру арнасы үшін тіркелген төлемді ғана төлейді. Бұл жоба кәсіпкерліктің дамуына ықпал етіп қана қоймай, маңызды әлеуметтік мәнге ие – бұл ауыл тұрғындарын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және шалғай аудандарда телекоммуникацияны дамыту», – дейді «Қазақтелеком» АҚ Корпоративті бизнес дивизионының цифрландыру жөніндегі директоры Айкен Серкебаева.

Қосымша тұрақты табыс көзінің мүмкіндігі өздерін ауылда оператор ретінде сынап көруді шешкен кәсіпкерлерді қызықтырды. Осындай серіктестердің бірі «Nur-LanD» ЖШС бүгінде Алматы облысында желі құрылысын бастады.

«Біз қосымша табыс көзін құра отырып, байланыс провайдерлері рөлінде жаңа бизнес бағытты игеруге бел будық. Біз Ismet.kz порталы арқылы өтінім бердік, бұл өте ыңғайлы және жылдам болды. Онлайн-форматта ЭЦҚ көмегімен шарт жасастық және техникалық шарттарды алдық. Бүкіл процедура тез, қарапайым және түсінікті болды. Содан кейін біз ауыл әкімдіктерінің басшылығымен желі құрылысының жоспарларын талқыладық. Айта кету керек, ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігін қуана қабылдады, ал әкімдік қызметкерлері қызығушылық білдіріп, халықты хабардар ету тұрғысынан қолдау көрсетуге уәде берді. Жақын арада бірінші ауылды тестілік режимде қосамыз», – деп атап өтті «Nur-LanD» ЖШС басшысы Мақсат Естемесов.

Цифрлық серіктестер ауылдарда Wi-Fi–радиокөпір технологиясы бойынша сымсыз желілерді өрістетуде. Бұл технологияның көптеген артықшылықтары бар — бұған көп жұмыс күші қажет емес, сенімді сигнал көзі және ADSL сымды байланысымен салыстырғанда интернет-трафиктің жақсы өткізу қабілеті, бұл абоненттерге барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, жергілікті желіні дамыту және жаңғырту ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету бойынша ірі жобалар – «Талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу» және «250+» іске асырылғаннан кейін мүмкін болды. Айта кетейік, «Қазақтелеком» кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Естеріңізге салар болсақ, жобаға шағын және орта бизнестің кез келген өкілі қатыса алады. Ол үшін Бизнеске арналған платформа ismet.kz. платформасында онлайн-форматта қатысуға өтінім беру жеткілікті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: