Главная Новости Қазақтелеком шағын футболдан «партиялық» турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды
12 мамыр 2023, 10:06 939

Қазақтелеком шағын футболдан «партиялық» турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды

Қазақтелеком шағын футболдан «партиялық» турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды

«Қазақтелекомның» футбол командасы AMANAT партиясының кубогына арналған жыл сайынғы шағын футбол турнирінде чемпион атағын екінші жыл қатарынан растады.

AMANAT партиясының мемлекеттік органдардан, бюджеттік мекемелерден және квазимемлекеттік сектор компанияларының бастауыш партия ұйымдары арасында шағын футболдан елордалық турнир 2014 жылдан бастау алған, ол кезде «Нұр Отанның» қамқорлығымен өткізілген шара бүгінгі күнге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді.

Биылғы жылы турнирде үздіктер атағына таласуға 14 команда шықты. Ойын олимпиадалық жүйе бойынша өтті: яғни «жеңілді-ойыннан шықты». Әр матчтың ұзақтығы 15 минуттық "таза" уақытты құрады.

Былтырғы турнирдің чемпиондары – «Қазақтелеком» командасы ойын өткізу кезінде бірден жартылай финалға «іріктелген» күйде түсіп, «Жедел жәрдем» құрамасымен кездесіп, оны 5:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Телеком-оператор командасы үшін финалдық ойын «Астана Су арнасы» командасын 7:3 есебімен турнирдің қазіргі чемпиондарының пайдасына жеңумен аяқталды.Командалық кубоктан басқа, «Қазақтелеком» партиялықтары да жеке марапатқа ие болды: былтырғы жарыстың үздік бомбардирі Валерий Бисмағамбетов, осы ойында турнирдің үздік ойыншысы атанды.

«Мұндай құрамда біз бірінші жыл ойнап отырған жоқпыз, осы уақыт ішінде бізде күшті командалық қарым-қатынас, өз ойын тактикасы қалыптасты. Айта кетейін, әр матчта күрес қарқынды өтті, финалда бізде мықты қарсыластар болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бұл тұрақты жаттығулардың нәтижесі және команданың әр мүшесінің өз компаниясының абыройын қорғауға деген үлкен ынтасы деп білемін. «Қазақтелеком» басшылығына біздің командаға да, барлық қызметкерлерге де спортпен шұғылдануға және ауқымды жарыстарға қатысуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын», - деп атап өтті «Қазақтелеком» командасының капитаны Нұрболат Тоқсанбаев.

«Қазақтелеком» құрама командасы шағын футболдан түрлі турнирлердің тұрақты қатысушысы болып табылады және бірнеше рет жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, өткен айда еліміздің ең ірі телекоммуникациялық операторының футбол жасағы әуесқойлар арасында футзалдан дәстүрлі чемпионатта бірінші орынды иеленді. Өткен жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша команда астаналық Qazaqstan Qyzmet Cup турнирінде жеңіске жетті, сондай-ақ осы чемпионаттың республикалық деңгейдегі күміс жүлдегері атанды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: