Главная Новости Қазақтелеком шағын және орта бизнес өкілдерімен офтейк-келісімшарттар жүйесін енгізу мәселесін талқылады
21 қазан 2024, 12:20 60

Қазақтелеком шағын және орта бизнес өкілдерімен офтейк-келісімшарттар жүйесін енгізу мәселесін талқылады

Қазақтелеком шағын және орта бизнес өкілдерімен офтейк-келісімшарттар жүйесін енгізу мәселесін талқылады

Астанада Қазақтелеком компаниясы ұйымдастырған арнайы дөңгелек үстелде мемлекеттік сатып алуда отандық тауардың үлесін арттыру және оффтейк-келісімшарттар жүйесін енгізу мәселелері талқыланды. Телеком-оператор бүгінде өзінің сатып алу процесіне танымалдығы күн сайын өсіп келе жатқан офтейк-келісімшарттарды қарқынды түрде енгізіп жатыр. Соңғы 2 жылда компания түрлі отандық компаниялармен және кәсіпорындармен офтейк қағидаты бойынша бірқатар ірі келісімшарттар жасасты. Былтырдың өзінде жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге 11 оффтейк-келісімшарт жасалды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдап, дамыту мақсатында «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылған кеңеске жетекші қазақстандық компаниялардың 70-тен астам өкілі қатысты.

«Отандық өндірушілерді қолдау Қазақтелеком үшін стратегиялық тұрғыда басым бағыт болып табылады. Компания телекоммуникация жабдығын өндіретін қазақстандық ұйымдардың ұсыныстарын қарауға дайын, бұл жергілікті өндірісті қолдап қана қоймай, бизнес үшін жаңа мүмкіндік ашады», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ «Телеком комплект» дирекциясының Бас директоры Мұрат Сәрсекеев.

Басқосу барысында «КС link» ЖШС және «PowerTech» энергетикалық шешімдер зауыты сияқты қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастық және өзара іс-әрекет туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер отандық компаниялардың нарықтағы рөлін нығайтып, елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымына инновациялық шешімдерді енгізуге сеп болмақ.

Қазақтелеком өз кезегінде отандық өндірушілерге барынша қолдау көрсетіп, оларға өсіп-өркендеуге мүмкіндіктер береді, бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасын нығайтады.

«Қазақтелеком» АҚ Коммуникациялар және брендті дәріптеу департаменті

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: