Главная Новости «Қазақтелеком» Smart Turkistan жобасын дамытып жатыр
16 қараша 2021, 08:33 692

«Қазақтелеком» Smart Turkistan жобасын дамытып жатыр

«Қазақтелеком» Smart Turkistan жобасын дамытып жатыр

Енді Түркістанда әлеуметтік қашықтық және бетперде режимі ережелерінің сақталуын нейрондық желі қадағалайтын болады. Covid-19 індетінің таралу ауқымын бақылау үшін ірі телеком оператор «Smart Turkistan» жобасы аясында Түркістан қалалық емханасына интеллектуалды бейнебақылау жүйесін орнатты. Қазіргі уақытта жоба Алматы, Қарағанды және Көкшетауда сәтті жүзеге асырылып келеді, ендігі жоспар республика аумағында мониторинг жүйесін кеңейту.

Айта кету керек, «Қазақтелеком» Түркістанда биылғы жазда облыс әкімдігімен келісім құра отырып, Smart City жобаларын дамытуға және осы бағыттағы сәтті кейстерді кеңейтуге кірісті. Байланыс операторы қазірдің өзінде қаланың коммуналдық және муниципалдық нысандарын IoT желісіне қосып, суды тұтыну туралы деректерді қашықтан жинауға мүмкіндік беретін заманауи құрылғылармен жабдықтауды бастады. Келесі қадам карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жүйесін енгізу.

«Бүгінде Түркістан облысы коронавирус бойынша «жасыл аймақта», бірақ тұрғындардың денсаулығын сақтау мәселесі әлі де өткір тұр, сондықтан біз қалалық емхананы карантиндік шаралардың сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау камераларымен жабдықтадық. Жасанды интеллект алгоритміне сүйене отырып, камералар адамдардың бетпердесіз жүрген немесе дұрыс кимеген деректерін анықтайды. Күн сайын онлайн режимде 1500-ден астам деректер сүзгіден өтіп, тіркеледі», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Жаңа бизнесті дамыту департаментінің директоры Ернияз Заманбек.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай жобаны «Қазақтелеком» былтыр жазда Алматыда сәтті жүзеге асырып, еліміздің ең ірі қаласында эпидемиологиялық жағдайды қадағалауға алып, уақытында соған сай әрекет етуге мүмкіндік берді. Жүйенің арқасында дәрігерлер деректердің үлкен көлемін талдауға, пациенттер туралы дәлірек және барабар статистиканы жүргізуге және сәйкесінше аурудың ауқымын бағалауға әрі уақытында қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта интеллектуалды бейне-сараптама жүйесі аймақтарда кеңінен қолданылуда – Қарағанды облысының денсаулық сақтау нысандары, Алматы және Көкшетау қалаларының қоғамдық көліктері осы жаңашылдықты ендіріп үлгерді қосылды, енді халық көп шоғырланатынбасқа да нысандарға, мысалы сауда орталықтары, мейрамханалар, базарлар мен бизнес орталықтарында орнату жоспарланып отыр, және пандемиядан кейінгі кезеңде жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі қарастырылуда. Ал Түркістандық кейске қайта оралсақ, мұнда ауруханада орнатылған камералардың барлық дерегі мен статистикасы нақты уақыт режимінде ситуациялық орталыққа жіберіледі.

«Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында Ішкі істер министрлігінде ауқымды жобалар әзірленуде. Бұл бағытта Түркістан облысында да жүйелі жұмыстар жүргізіп келеміз. Таяуда іске қосылған «Smart Turkistan» жобасы қаланы және жалпы елді цифрландырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Қолданылған «Smart City» мүмкіндіктері азаматтардың өмірінің қауіпсіздігін сақтауға септесіп, адам көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіпті қадағалауды жақсартатынын тәжірибе жүзінде көріп отырмыз», - деп атап өтті Түркістан облысының полиция департаментінің басшысы Қайрат Далбеков.

Айта кету керек, осыдан аз ғана уақыт бұрын «Қазақтелеком» Түркістан облысында тағы бір бұлттық бейнебақылау жобасын жүзеге асырып, облыстағы 349 мектепті жергілікті полиция қызметінің Жедел басқару орталығына қосқан болатын. Ағымдағы жылдың соңына дейін осылайша облыстағы барлық 919 мектепті біріктіру жоспарлануда, бұл құқық бұзушылықтардың алдын-алуға, бүкіл оқу үдерісін бақылауға, білім беру мекемелерінің аумағын қадағалауға, мектеп мүлкін қорғауға және бөгде тұлғалардың кіруіне жол бермеуге көмектеседі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: