Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлттық байланыс операторының сатып алу рәсімдерін жеңілдету және жүйелеу бағытындағы жұмыс шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ бөлімшелері басшыларының тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен кезекті онлайн кездесуі өтті.
«Қазақтелеком» АҚ Ішкі қызметтер жөніндегі директорының м.а. Дәурен Керейбаев тауар және қызмет жеткізушілермен өтетін мұндай форматтағы ашық диалог компанияға көптеген өткір мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретінін атап айтты.
Нақтырақ айтқанда, алдыңғы кездесулерде қозғалған желі-өткізгіш өнімдеріне бағаның өсуі, ағаш тіректер, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің басқа да тауарларын сатып алуға қатысты мәселелердің тұтас кешенін шешуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ тендерлік құжаттаманы тексеру жұмыстарын аяқтап, 2022 жылға арналған жоспарларға сәйкес тауарлар мен қызметтерді сатып алуды қайта бастады.
«Желі Дивизоны» бірлестігінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры Флора Абдулхакимова міндетті лицензиялауға жатпайтын тауарлар мен қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің персоналына қойылатын біліктілік талаптарына егжей-тегжейлі тоқталды.
«Сатып алу мәніне байланысты біз әлеуетті жеткізушіден штатта сатып алу нысанасына сәйкес келетін салада білікті мамандардың болуын талап етеміз, бұл ретте жоспарланған жұмыстардың көлемін ескере отырып, орташа алғанда бір жылдан үш жылға дейінгі диапазонда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптары бар қажетті мамандардың саны белгіленеді», – деп атап өтті Флора Абдулхакимова.
Бұл ретте «Қазақтелеком» АҚ-да тауар жеткізушілер кодексінің жобасы әзірленгенін атап өту қажет, ол бекітілгеннен кейін telecom.kz. корпоративтік порталында жарияланатын болады.
Кездесуге қатысушылар кең ауқымды мәселелерді талқылап, жақын болашақта диалогты жалғастыруға келісті.
114
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!