Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: telecom.kz
«Қазақтелеком» АҚ және Ақпараттандыру және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы түзетілген жаңа Ұжымдық шартқа қол қойды. Бұл туралы компанияның коммуникациялар және брендті ілгерілету департаменті хабарлады. Жаңартылған құжат, ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықтың нәтижесі, еңбек жағдайларын жақсартып, қызметкерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдауды нығайтуға бағытталған.
«Қол қойылған құжат тек ресми келісім емес. Бұл әр қызметкерге деген қамқорлығымыздың дәлелі. Біз компанияда еңбек жағдайлары барынша әділ болып, қызметкерлердің әл-ауқаты басты басымдығымыз болып қалуы үшін жұмысты жалғастыра бермекпіз», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Жаңа Ұжымдық шартқа сәйкес, некеге тұру немесе бала туу сияқты өмірлік жағдайларда жұмысшыларға материалдық төлемдер көбейтілді. Сондай-ақ, қызметкер өмірінің түрлі салаларында қосымша жеңілдіктер қарастырылған.
Жұмысшылар мен олардың балаларының денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Жаңартылған ұжымдық шартта спорттық-сауықтыру іс-шаралары мен балалар лагерлеріне төлемдер ұлғайтылды.
Сонымен қатар, компанияда «Демеу» (көп балалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасылар үшін), жеңілдікті шарттармен ипотекалық несиелеу және т.б. сияқты әлеуметтік қолдау бағдарламалары жұмыс істейді.
Биыл «Қазақтелеком» АҚ Ұжымдық шартына 25 жыл толды.
«Қазақтелеком» АҚ әлеуметтік саясатын одан әрі жетілдіріп, өз қызметкерлерінің лайықты деңгейде, қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды жалғастыра бермек.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы