Главная Новости «Қазақтелекомның» 30 жылдығына орай TV+ платформасында жаңа 12 жаңа телехикая шығады
10 қаңтар 2024, 09:45 390

«Қазақтелекомның» 30 жылдығына орай TV+ платформасында жаңа 12 жаңа телехикая шығады

«Қазақтелекомның» 30 жылдығына орай TV+ платформасында жаңа 12 жаңа телехикая шығады

Жаңа жылда «Қазақтелеком» Salem social media-мен бірлесіп өзінің мультиплатформалық TV+ сервисінде 12 жаңа сериал шығаруды жоспарлап отыр, әғни ай сайын жаңа туындының тұсауы кесілмек. Сонымен, ақпан айында платформада отандық режиссер Аян Ниязбековтың «Алаяқ күйеу жігіт» атты туындысы жарық көреді.

Телехикая желісі махаббаттан басы айналған бойжеткен Гаухарды күйеу жігіті алдап, жүрегін жаралап қана қоймай, миллиондаған қарызға батырып сан соқтырып кеткені туралы баяндайды. Әділдік пен ақиқат іздеген қыз өзі секілді алданған бойжеткендермен бірлесіп, алаяқтан кек алудың жоспарын құра бастайды.

«Былтыр көрермендердің отандық контентке деген қызығушылығы арта түскені белгілі болды. Еліміздің жетекші телеком-операторы ретінде біз келешекте өз контентіміздің көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Salem Social Media-мен бірлесіп қолға алған жобаларымыз сәтті шықты деп айта аламын. Кейіпкерлердің ауыр тағдыры, жеке қасиеттері мен қиын-қыстау сәттегі іс-әрекеттеріне баса назар аудартатын бұл телехикаялар көрерменнің көзайымына айналды. Сонымен қатар, барлық оқиғалар шынайы өмірге барынша жақын, бұл аудиторияның көңілінен шықты», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Айта кетейік, мерейтойлық жылы «Қазақтелеком» өз платформасын дамытып,кеңінен танымал етуге ерекше назар аудармақшы. Жаңа сериалдар мен сапалы контенттің арқасында TV+ былтыр түрлі рейтинг пен чарттарда жоғарғы орындардан көріне білді, ал қосымшаның өзін 1,5 миллионға жуық қазақстандық смартфондарына жүктеген.

Платформадағы әр туындының тұсаукесері көрермендердің ерекше сұранысына ие болды. Сонымен, 2023 жылдың ең танымал телехикаясы деп мамыр айының соңында шыққан «Қара аула» қылмыстық драмасы танылды. Қылмыстық ортада қалған 16 жасар жасөспірімдердің өмірін баяндайтын сериал көрермендерге ұнағаны соншалық, жыл қорытындысы бойынша 165 мың қаралым жинаған. Salem Social Media-ның екінші танымал өнімі балалар үйінің тәрбиеленушілері туралы «Qarga» сериалы болды. Өткен жылы бес ай ішінде ол 120 мың рет қаралды. TV+ қаралым саны бойынша келесі орынға белгілі қазақстандық режиссер Әлішер Утевтің «1286» картинасы шықты. Қазіргі заманда құлдыққа түскен дәрігер туралы ауыр драма бір жарым ай ішінде 65 мыңнан астам пайдаланушының қаралуын жинады. Осыған ұқсас көрсеткіштер қатерлі ісікке шалдыққан ананың балаларына үй салуға тырысқаны туралы әңгіме – «Шеше» фильмінде де болды.

«Режиссерлер өз картиналарында ашқан барлық әңгімелер шынайы өмірге барынша жақын және көрерменді кейіпкерлерге жанашыр етеді. Мысалы, алдағы көктемде біз күтіп отырған Қуаныш Стахановтың «4 градус» сериалының желісі ауыр науқас қызын құтқару үшін донорлық органдарды сатуды ұйғарған хирург туралы баяндаса, Назар Шарханның «Асау» телехикаясы атасын емдеуге ақша табу үшін астыртын жекпе-жек төбелес әлеміне сүңгуге мәжбүр болған бозбала Азаттың өмірін әңгімелейді», - деп атап өтті Salem social media продюсері Игорь Цай.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: