Главная Новости «Қазақтелекомның» бизнеске арналған платформасына – 3 жыл
29 қараша 2021, 10:39 1119

«Қазақтелекомның» бизнеске арналған платформасына – 3 жыл

«Қазақтелекомның» бизнеске арналған платформасына – 3 жыл

«Қазақтелеком» ISMET.kz бизнеске арналған  портал мүмкіндіктерін кеңейтіп, корпоративтік сегментте электрондық онлайн-қызмет көрсетуді дамыту үстінде. Іске қосылған сәттен бастап, 3 жыл ішінде бизнеске арналған цифрлық платформада 60 мыңнан астам пайдаланушы тіркелді.

ISMET.kz цифрлық платформаның мүмкіндіктерін пайдаланып келе жатқан компаниялардың бірі Алматыдағы курорттық-сауықтыру кешені болып табылады. Осы нысанның бас директорының айтуынша, портал бизнесті дамытуға және жаңа клиенттер табуға көмектесе отырып, бүгінде таптырмас көмекшісіне айналған.

«Жақында біздің жаңартылған емдеу-сауықтыру кешеніміздің ашылуы өтті. Ол 2017 жылдан бері жұмыс істемей тұрды. Қазір біздің курорт жаңаланған, атауы өзгерген бес жұлдызды қонақ үй. Оның ашылуына байланысты бізге телекоммуникация қызметтерін – интернет, теледидар және басқаларды жедел қосу, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істей отырып, бизнесімізді дамытуға көмектесетін жаңа серіктестер қажет болды. Бұл мәселенің шешімі – ISMET.kz порталы болды. Онда біз «Қазақтелеком» қызметтерін онлайн қосып қана қоймай, қызметтер мен сервистерді ұсынатын басқа да компанияларды таба алдық. Портал бизнесті ілгерілету мен дамыту үшін тамаша құрал болып табылады деп есептеймін», – дейді курорттық-сауықтыру кешенінің бас директоры Озгур Челик.

Бүгін ISMET.kz – бұл Қазақстандағы бизнес үшін бірегей цифрлық платформа, онда компаниялар мемлекеттік органдармен онлайн режимінде өзара әрекеттесіп, салық төлеуге, есептілік тапсыруға, сондай-ақ деректерді сақтау үшін бұлтты сервистерді пайдалануға мүмкіндік алады. Бұдан басқа, кәсіпкерлерге бухгалтерия үшін бұлтты есепті жүргізу, салық органдарына деректерді автоматты түрде беретін виртуалды касса, контрагенттердің адалдығын тексеру, деректерді сақтау үшін серверлерді жалға алу, сондай-ақ кез-келген бизнесті автоматтандыру үшін есепке алу жүйесі сияқты цифрлық сервистер қолжетімді. Бұл қызметтер пайдаланушылардың барлық  бизнес операцияларға кететін уақыты мен шығындарын едәуір қысқартады.

«Бүгін ISMET.kz -бұл «Цифрлық мемлекетке көшу» бағдарламасының бастамасы шеңберінде ШОБ-ты дамытудың толық ауқымды құралы. Біз оны коммерциялық жоба ретінде ғана емес, мемлекеттік деңгейдегі цифрлық дамудың драйвері ретінде де қарастырамыз. Платформа В2В толыққанды маркетплейсі болып табылады, онда кәсіпкерлер өз бизнесін нөлден құра алады немесе оны түрлі сервистер көмегімен қолдана алады. Бүгінгі таңда платформада 80-нен астам түрлі сервистер мен компаниялардың қызметтері ұсынылған», – дейді «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік сегмент бойынша бас директоры Алмат Қараманов.

Естеріңізге сала кетейік, портал 2018 жылы іске қосылды және қысқа мерзім ішінде сауда, көлік, HoReCa, жылжымайтын мүлік, құрылыс, логистика, өндіріс және өнеркәсіп сияқты кәсіпкерлік салаларының өкілдерін біріктіретін бизнес үшін толыққанды экожүйеге айналды. Бұл ретте порталдың барлық тіркелген пайдаланушыларының 30%-дан астамын көтерме-бөлшек сауда саласында қызметті жүзеге асыратын компаниялар құрайды.

«Порталдың функционалдығы мен бизнестің жаңа талаптарына бейімделуі аудиторияны кеңейтуге ықпал етеді. Егер 2020 жылдың басында сайтта 8 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген болса, 2021 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 24 мыңға дейін өсті. Қазіргі уақытта пайдаланушылар саны 60 мыңнан асты, бұл ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 70% - ға артық. Пайдаланушылардың ай сайынғы өсуі ISMET.kz 7 мыңнан астам. Мұндай өсу портал мүмкіндіктерін тұрақты дамыту және оның функционалын кеңейту есебінен қамтамасыз етілді», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионының цифрландыру жөніндегі директоры Айкен Серкебаева.

Бүгін ISMET.kz компаниялар арасында байланыс орнату, түрлі форумдар ұйымдастыру, қызметкерлерді қашықтықтан оқыту мүмкіндігін ұсынады. Порталда бизнес өкілдеріне арналған барлық оқыту материалдары үнемі жарияланып тұрады. Айта кетейік, ағымдағы жылы «Қазақтелеком» «ISMET» мобильді қосымшасы түрінде қосымша цифрлық арнаны іске қосты, онда платформаның веб-нұсқасының жеке кабинетінің негізгі функционалы жүзеге асырылды. Қосымшаны App Store немесе Google Play-ден жүктеуге болады.

«Отандық кәсіпкерлер әрқашан қол астында болатын мобильдік қосымшада байланыс қызметтерін қосып, «Қазақтелекомға» өтініштер мен ұсыныстарын қалдыра алады, өз қызметтері туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ бухгалтерияны автоматтандыру, құжат айналымы және бөлшек сауда бойынша серіктестердің қызметтерін сатып ала алады-мұның барлығы кәсіпкерлерге жұмысты ұйымдастыруға және күнделікті операцияларды жеңілдетуге көмектеседі», – дейді «Қазақтелеком» АҚ КБД Digital office департаментінің директоры Іңкәр Құсайынова.

Платформаның 3 жылдығына орай ISMET.KZ. «Қазақтелеком» өз клиенттері үшін арнайы акция өткізеді. Өз компаниясын порталда 3 желтоқсанға дейін тіркеген әрбір кәсіпкер құнды жүлделер мен пайдалы қызметтер ұтысына қатысушы болады: компанияның жарнамалық баннерін, ISMET.KZ «КупиПродай» бөліміндегі тауар немесе қызмет карточкаларын, сондай-ақ қатысушының бизнесі туралы мақаланы порталда орналастыру мүмкіндігіне ие бола алады. Жеңімпаздар рандомдық таңдау арқылы анықталып, ал ұтыс нәтижелері ISMET.kz порталында және сол атаудағы әлеуметтік желілердегі беттерде жарияланады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: