Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2022 жылдың көктемінде сәтті басталған «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасы дамуын жалғастыруда және республиканың шалғай ауылдарында сымсыз байланыс желілерін жүргізуге дайын жеке кәсіпкерлерді тартады.
Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола және Қарағанды облыстарының кәсіпкерлері өздерін байланыс провайдері ретінде сынап көруге шешім қабылдады. Бүгінгі таңда жоба аясында еліміздің 70 ауылына интернет өткізетін 15 жеке компаниямен келісімшарттарға қол қойылды. «Қазақтелеком» серіктестері ауылдық елді мекендерде оптикалық талшықты байланыс желілеріне қосылу нүктелерінен абоненттердің үйлеріне дейін интернет тарату желісін салатын және абоненттік төлем алатын болады, ал «Қазақтелекомға» деректерді тарату арнасы үшін белгіленген соманы ғана төлейтін болады.
«Қазақтелеком» серіктестерінің бірі – Kazakhstan Network Communication ЖШС –Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Үштерек ауылын қосуды бастады. Ауыл Алматы қаласынан екі сағаттық жерде орналасқан. Мұнда 1000-нан астам ауыл тұрғындары тұрады. Тұрғындар ALTEL және Tele2 операторларының ұялы байланысын пайдаланады. Үлкен отбасылар үшін әрқайсысына интернет қажет, ұялы байланыс операторларының тарифтері қымбатқа түседі. Алты баланың анасы Алтынай Армия бүкіл отбасы интернетті белсенді пайдаланатынын және 4 телефон үшін айына 12 мың теңгеден астам ақы төлеуге тура келетінін айтады, бұл ретте байланыс сигналы әрдайым тұрақты бола бермейді – егер ол таңертең жақсы ұстап қалса, онда кешкі уақытта браузердің парақтары іс жүзінде жүктелмейді.
«Біздің ауылда енді жоғары жылдамдықты интернетті WIFI арқылы қосуға болатынына өте қуаныштымыз – жылдамдық әлдеқайда жақсы және отбасы үшін тиімдірек. Олар бұрыннан балалардың сабағы үшін ноутбук сатып алып, оны интернетке қосқысы келген», – деді Үштерек ауылының тұрғыны Алтынай.
Тағы бір көпбалалы ана Айжан Сағындықова төрт бала тәрбиелеп, екі жұмыста еңбек етеді. Жақсы интернет балалар үшін үй тапсырмасын орындауда да, ата-аналар үшін де көмекші болады.
«Мен балабақшада тәрбиешімін. Негізгі жұмыстан басқа мен косметика сатумен айналысамын. Жылдам интернеттің нәтижесінде мен әрқашан өз клиенттеріммен байланыстамын. Онлайн өтінімдер қабылдаймын, тауарға тапсырыс беремін, төлем аламын. Интернет біздің өмірімізді жайлы етеді», – деді Айжан Сағындықова.
Kazakhstan Network Communication ЖШС жобасына қатысушы компанияның басшысы Жандос Әлімбетовтың айтуынша, ауыл тұрғындары сымсыз интернетке қосылу мүмкіндігіне қызығушылық танытуда, ал ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері халықты хабардар ету және ауыл тұрғындарынан өтінімдер жинау тұрғысынан қолдау көрсетуде. Ауыл тұрғындарына қол жетімді және жылдам интернет алуға көмектесу мүмкіндігі кәсіпкерді осы жобаға қызықтырды. Оның мақсаты – Алматы облысының мүмкіндігінше шалғай ауылдарын қосу және ауыл тұрғындарына телекоммуникация қызметтерінің барлық спектрін ұсыну.
«Радио көпірді орнату үшін «Қазақтелеком» серіктесі Үштерек ауылының орталығында орналасқан және талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылған үш қабатты ауылдық мектеп ғимаратын таңдады. Мамандар сигнал радиусы 150 Мбит/с дейінгі жылдамдықты сақтай отырып, бүкіл ауылды 10 км - ге дейінгі қашықтыққа қамтитындай етіп радио көпір орнатты. Осылайша, тұрғында теледидар, телефония, мессенджерлер, онлайн жұмыс, білім беру, мемлекеттік қызметтерді алу, онлайн медицина және тағы басқалар тәрізді қарапайым тұрмыстық мәселелерді шешу үшін жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді», – дейді «Қазақтелеком» АҚ КБД Digital office департаментінің бас бизнес-сарапшысы Камиль Азнабакиев.
«Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасына шағын және орта бизнесті қалайтын кез келген кәсіпкер қатыса алады. Ресімдеу процедурасы қарапайым, түсінікті және ыңғайлы. Бизнеске арналған Ismet.kz платформада кәсіпкерлер онлайн-форматта ынтымақтастық туралы өтінім бере алады және ЭЦҚ көмегімен шарт жасай алады. Техникалық шарттарды алғаннан кейін жеке серіктестер радио көпірлер салуға және абоненттерді қосуға кірісе алады. Ауыл тұрғындары қызметтерге неғұрлым көп қосылса, жеке провайдерлер соғұрлым көп табыс табады. Бұл кәсіпкерлерді бір арнаға қосылған абоненттер санын көбейтуге ынталандырады.
«Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасы бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді – бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жою, ауыл тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ұсыну», – деп атап өтті Корпоративтік бизнес дивизионының цифрландыру жөніндегі директоры Айкен Серкебаева.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Қазақтелеком» республиканың 837 ауылдық елді мекенінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жобасын аяқтап, бүкіл ел бойынша 2,5 мың мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды «оптикаға» қосқан. Қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюдың келесі кезеңі Wi-Fi радио көпірінің құрылысы болды. Бұл технология «Қазақтелеком» АҚ-ның көптеген жобаларында ауылдардағы тәрізді, қалаларда да өзін сенімді сигнал көзі ретінде көрсетті.
Жақын арада «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасы аясында тағы да бірқатар ауылдық елді мекендер қосылатын болады.