Главная Новости «Қазақтелекомның» «ТВ+» жобасы: әр үйде өзінің телеарнасы
11 наурыз 2021, 09:25 835

«Қазақтелекомның» «ТВ+» жобасы: әр үйде өзінің телеарнасы

«Қазақтелекомның» «ТВ+» жобасы: әр үйде өзінің телеарнасы

Еліміздегі ең ірі байланыс операторы, IPTV технологиясы бойынша қызмет көрсететін жаңа буынның телевизиялық хабар тарату қызметін ұсынды. Бұл жоба әрбір қазақстандық үшін өз үйлеріндегі эфирді басқаруға және бір уақытта бірнеше гаджеттен әртүрлі бағдарламаларды көруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды SKnews.kz «Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақтелекомның» «ТВ+» телевизиялық платформасы жаңа заманауи IPTV/OTT гибридті кешені негізінде құрылған. Бұл екі стандарт – IPTV және OTT өзара бөлек қолданған кезде де бірегей сапалы ұсыныстардың шоқтығын ұсынатын жүйе, ал олардың бір алаңда топтасуы абонентке өзіндік, бірегей және оңтайлы телевизиялық пакетті «өз қолымен» құруға мүмкіндік беретін мүлдем жаңа технологияға айналады. «Қазақтелеком» ұсынған жаңа қызметтің осы және басқа да мүмкіндіктерімен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және өзге де мәртебелі қонақтар жақынырақ танысты.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өзінің артықшылықтары үшін ғана қызмет қылмайды, сонымен бірге бүкіл қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы инфрақұрылым қалыптастыруға ниетті екенін айта кеткім келеді», - деді әл-ауқат қоры Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов. – Бізде «Қазақтелеком» қызметінің аясында осындай жаһандық жұмыс жүргізуге барлық мүмкіндіктер бар, олар ұсынған  инфрақұрылым негізінде біз бизнес пен өндіріске ғана емес, жаппай тұтынушыларға да ең сапалы және заманауи өнімдер ұсына аламыз. Бүгінгі назарларыңызға ұсынылатын IT-өнім өзіміздің қазақстандық мамандардың күшімен жасалғанын ерекше атап өткім келеді. «ТВ+» жобасы – бұл біздің отандық компаниялар, «Самұрық-Қазына» қоры тобына кіретін компаниялар, бүкіл ел күнделікті қолданатын ауқымды, жоғары технологиялы және танымал шешімдерді өз бетінше дамыта алатындығының дәлелі», – деп қорытындылады сөзін ол.

Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, елімізде танымал, интерактивті ТВ-алаңының пайда болуы қазақстандық контенттің дамуына серпін береді. Ол американдық Netflix және HBO компанияларын, сонымен қатар британдық SKY-ді мысалға келтіре отырып, бұл компаниялар алғашында нарыққа қарапайым телевизиялық хабар таратушылар ретінде кіріп, бірте-бірте дамып, тәуелсіз немесе актерлердің журналистер мен блогерлердің шығармашылық топтарымен бірлесіп, өз өнімін шығару деңгейіне жетті.

Есекеевтің пайымынша, «TV+» платформасы «Қазақтелекомға» осындай сценарийді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, әсіресе компания өзінің жеке контентін қалыптастыру ісін өткен жылы карантинде киберспорт саласында және концерт бағытында сәтті сынады. Байланыс операторының брендімен карантин кезінде бастау алған «Аламан» спорттық турнирлер сериясы қазірдің өзінде миллиондаған қаралым жинауда, ал көптеген көрермендер өзін-өзі оқшаулау кезінде халықты қолдау мақсатында Youtube платформасында ұйымдастырылған отандық шоу бизнес өкілдерімен онлайн жүздесу «Карантиндегі жұлдыз» жобасын ұйымдастырды.

«Яғни «Қазақтелеком» өзінің контенттік платформасын құруды бастап кеткен, – деді компания басшысы Қуанышбек Есекеев. – Біздің телевизиялық платформа аясына «Қазақстанда жасалған» атты кең көлемді кітапхана қоры кіреді – бұл жерде «Қазақтелекомның» «ТВ+» жобасы үшін арнайы жасалған қазақстандық фильмдер мен бағдарламалардың жиынтығы кіреді. Біз бұл «Қазақстанда жасалған» кітапханасының тұрақты түрде кеңейіп тұруы үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Ахметжан Смағұлұлы жаңа өте дұрыс атап өтті, қор тобына кіретін компаниялар өз бизнесін дамытып қана қоймай, елдің бүкіл экономикасының дамуына өз үлестерін қосуы керек. Біз ыңғайлы және танымал телевизиялық платформаны құра отырып, отандық актерлер, блогерлер, журналистер мен публицистердің жобалары үшін тұрақты алаң ұсынамыз. Уақыт өте келе ол отандық продюсердің біздің компаниямен бірлесіп немесе оның қолдауымен жасаған отандық сериалдары мен фильмдерін, ток-шоуларын немесе подкасттарын орналастыра алады. Сондықтан жаңа отандық теледидар платформасының ашылуы - бұл «Қазақтелекомның» ғана емес, көптеген әлеуетті серіктестеріміздің тарихындағы жаңа парақ».

«Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес бөлімінің бас директоры Игорь Погребицкий презентацияға қатысушыларға жаңа өнімнің техникалық мүмкіндіктерін таныстырды. Оның айтуынша, дәстүрлі қызметтерден айырмашылығы, TV+ бірқатар ерекше артықшылықтарға ие, олардың бастысы – көрерменнің эфирді өз бетінше басқара алу қабілеті: мысалы, экран алдынан кету керек болса, бейнемагнитофон принципі секілді, фильмнің басына немесе артына айналдыру мүмкіндіктері болады.

Екінші маңызды артықшылығы – теледидар көруге болатын гаджетті таңдау мүмкіндігі: әрқашан қолда болатын смартфоннан, планшеттен немесе Smart TV функциясы бар теледидардан көру мүмкіндігі бар. Ең бастысы, үйде Интернет байланысы болуы керек, және осы бір сигнал көзі үй шаруашылығына әртүрлі гаджеттердегі бірнеше бағдарламаны бір уақытта көруге мүмкіндік береді. Сондықтан енді отбасыларда кешке не көруге болатындығы туралы телесериал мен футбол бағытында дау болмайды, «ТВ+» жобасымен сүйікті бағдарламасын ешкім өткізіп алмайды. Платформа іске қосылғанға дейін «Қазақтелеком» мамандары кең ауқымды талдау жүргізіп, соның нәтижесінде және теледидар рейтингі бойынша, көрермендердің қалауына сай ең танымал арналар мен интернет-кинотеатрлардың үлгілерін жинақтап қалыптастырғанын да айта кеткен жөн.

«ТВ+» жобасы арнаның теледидарлық бағдарламасына емес көрермен қажеттілігіне сай бейімделеді, – дейді Погребицкий. – Сонымен қатар, егер пайдаланушының теледидары ескі үлгі болса да, STB приставкасын пайдалану арқылы сапалы мазмұн тамашалауға болады. Сонымен қатар, көрермен бейнені қайда қарап отырса да, сапа әрқашан ең жақсы деңгейде қалады (HD немесе 4K). Негізгі бетте көрерменге рейтинг көшбасшылары мен прокаттағы жаңа топтамалар көрсетілген түсінікті әрі нақты ұсыныстар парағы ұсынылады. Контент таңдау бойынша ұсыныстар жанр бойынша беріледі және ыңғайлы навигация мен ойластырылған дизайнның көмегімен ол өзіне қызығушылық тудыратын мазмұнды оңай таңдап, көре бастайды. Тағы бір артықшылық: «ТВ+» каталогта соңғы 7 күндегі теледидар бағдарламаларының мұрағатын, сонымен қатар шолу тарихындағы қаралған контентті сақтайды. Құрылғыны қосқан кезде жүйе үзілген сәтте тоқтап қалған бейнені қайта қарауға ұсыныс жасайды. Интернеттегі және «Қазақтелекомның» басқа да қызметтері бар пакеттердегі «ТВ+» сатылымға енді – жаңа жобаға қосылудың уақыты келді», – деп аяқтады сөзін «Қазақтелеком» бөлшек бизнес Дивизионының бас директоры.

Айта кету керек, «TV+» платформасының бар мүмкіндіктерін «Қазақтелеком» абоненттері ғана емес, басқа операторлардың тұтынушылары да пайдалана алады. Ол үшін Интернетке кіріп, арнайы қосымша орнатып, 170-ке жуық арнаны, сан мыңдаған фильмдер мен телехикаяларды емін-еркін көре алады. Ал мазмұнның сапасы кез-келген Интернет жылдамдығына автоматты түрде бейімделеді. Тарифтік жоспардың құны айына 1700 теңгеден басталады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: