Главная Новости «Қазақтелекомның» TV+ қосымшасын 600 мыңнан астам адам жүктеді
23 желтоқсан 2022, 15:30 1155

«Қазақтелекомның» TV+ қосымшасын 600 мыңнан астам адам жүктеді

«Қазақтелекомның» TV+ қосымшасын 600 мыңнан астам адам жүктеді

2021 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ өнеркәсіптік пайдалануға берген TV+ телевизиялық платформасы Қазақстандықтардың мобильді құрылғыларына 600 мыңнан астам рет жүктелді. Сонымен қатар, 90 мыңнан астам абонент қызметке STB және Smart TV приставкалары арқылы қосылған.

Интернетке қол жетімді кез-келген жерде смартфон экранында көруге болатын «қалта» теледидарын жүктеу саны ай сайын арифметикалық прогрессиямен өсуде: егер өткен жылы қосымшаны айына 20 мың қолданушы жүктеген болса, биыл ай сайын жүктеген тұтынушылар қатары 30 мыңнан асады. «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Игорь Погребицкийдің айтуынша, клиенттік базаның өсуі бір жағынан қалауы сан түрлі аудиторияның пайда болуына, ал бұл өз кезегінде контентті барынша кеңейту қажеттілігіне әкеледі.

«Биылғы жылы аудиториямыздың едәуір өсуімен бірге TV+ контенті де сапалы өзгерістерге ұмтылды, – дейді Игорь Погребицкий – Ең алдымен, біз балалар мазмұнын байытуға қадам жасадық, балалар телеарналары бойынша ұсынысты едәуір кеңейттік. Осылайша, TiJi телеарнасына Қазақ трегі қосылды және 100% қазақ тілінде хабар тарататын Nickelodeon HD телеарнасы жұмысын бастады, біздің ең кішкентай көрермендерімізге арналған Duck TV жаңа телеарнасы пайда болды. Бұл жерде әсіресе, біздің платформаның балалар үшін қауіпсіз екенін атап өткім келеді».

Қауіпсіздіктің мысалы ретінде танымал влоггерлер (бейне блогерлер) Boys&toys, Miss Katy, Mister Max TV+ платформасында кеңінен ұсынылған: олар YouTube-те ауқымды көрермендер базасына ие, бірақ бейне хостинг алгоритмдеріне сай олар ұсынған контент арасында балаларға жақпайтын мазмұнға ие кадрлар жарнамалануы әбден мүмкін, ал TV +аясында мұндай қауіп жоқ, балалар өздерінің сүйікті влоггерлерінің бейнелерін агрессивті жарнамасыз көреді, ал ата-аналар баласына қажетсіз ақпарат зиян тигізбейтініне сенімді бола алады.

TV+ тағы бір артықшылығы жан-жақтылығы: қазіргі уақытта платформаның пакеттік тарифтерінде әр түрлі жанрдағы және бағыттағы 170-тен астам телеарна ұсынылған, бұл бағытта ұсыныс ұдайы өсіп келеді: Қазақтелеком биылғы жылы TV+ жазылушыларына Қазақстандағы алғашқы қазақ тіліндегі «QAZAQSHA» онлайн-кинотеатрын ұсынды. Бұл кинотеатрдың каталогында кәсіби актерлердің қатысуымен түсірілген, қазақ тілінде сапалы дубляжы жасалған, әлемдік киностудиялардың контенті бар 1700-ге жуық фильмдер, сериалдар мен мультфильмдер жинақталған.

«Біз бұл мазмұнды эксклюзивті деп санауға құқығымыз бар, өйткені витринада ұсынылған фильмдердің 90% - ы қазақ тіліне алғаш рет аударылған: бұл «1+1», «Қарғыс атқандар аралы», «Бұлтты атлас», «Мачете», «Нью-Йорктегі күз», «Белле және Себастьян», «К2 оққағар», «Сонг-Чжонға ғашық болу», «Паразиттер», «Пусанға пойыз», «Дефолт» және басқалар, – дейді Дивизион директоры. – Бұл кинотеатр «Қазақтелеком» АҚ-ның барлық тарифтік желілеріне енгізілді, сондай-ақ қосымша қызмет ретінде қосылуға болады».

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» өзге де MEGOGO, START, Amediateka кинотеатрлары ұсынған «ТВ+ фильмдері» секілді басқа онлайн-кинотеатрлардың каталогтарын кеңейтті. TV + қызметін пайдаланушылар әлеммен бір уақытта «Айдаһар үйі», «Алиса күте алмайды» телехикаялары сияқты жобалардың премьераларын немесе «Мұнара» және «Голиат» фильмдерін тамашалай алады. Бірақ ең бастысы – «KZ-да жасалған» жеке кинотеатрының каталогы айтарлықтай кеңейтілді, бұған отандық киножобалардың эксклюзивті интернет-тұсаукесерлері сеп болды.

Олардың арасында өмірдегі қайғылы оқиғаларға қарамастан мінезінің күші мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсете білген спортшы туралы «Паралимпиадашы» спорттық драмасы бар. Бұл драма оны кинотеатрларда көріп үлгерген көптеген қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды, ал кинопрокатты өткізіп алғандар үшін 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап "Паралимпиадашы" тек «Kazakhtelecom TV+» сайтында қолжетімді. Сондай - ақ, платформада халықаралық фестивальдерге қатысушылардың «ОТ» және «Зере» фильмдерін көруге болады.Қазіргі уақытта «KZ-да жасалған» кинотеатрының каталогы 3500-ге жуық мазмұнды құрайды.

«Егер қаралымдар туралы айтатын болсақ, онда теледидарды пайдаланушылардың 98% – ы көреді, қосымша қызметтерді – онлайн кинотеатрларды немесе кейінге қалдырып қарауды кем дегенде әрбір екінші көрермен пайдаланды, – деп түсіндіреді Игорь Погребицкий. – Сұранысқа ие 5 арнаның қатарынс «КТК», «Qazaqstan HD», «Хабар» және «Бірінші арна Еуразия» телеарналары кірді. Айта кету керек, туындыны үлкен экрандардан көрген пайдаланушылар киноарналарды артық көреді, ал мобильді қосымшаны іске қосқан абоненттер спорттық және ойын-сауық арналарын таңдады».

TV+ платформасындағы онлайн-кинотеатрлардың ішіндегі ең танымалы-Мегого контенті бар "Фильмдер" кинотеатры, ал сұранысы жағынан мегогоны өкшелеп START кинотеатры келеді. Ал «KZ-да жасалған» кинотеатры басқа өңірлермен салыстырғанда Алматы, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе өңірлерінде сұранысқа ие. Жалпы, 2022 жылы пайдаланушылар 586 млн – нан астам контентті іске қосты, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары, былтыр 201 млн. қосылым болған, басқаша айтқанда Қазақстандықтардың "Қазақтелекомның телевизиялық платформасына деген қызығушылығы былтырғыдан екі есе жоғары артқан. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: