Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақтың мәдени мұрасы - «Ортеке» өнері Қытайда танымал болды. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Қытай қазақтары туралы «Менің Алтайым» телехикаясындағы «Ортеке» биі түсірілген кадр қытайлық көрермендердің қызығушылығын тудырған.
Қытайлық Tik-Tok және Weibo әлеуметтік желілерінде «Ортеке» өнері туралы тақырып қызу талқыланып, Қытайдағы қандастарымыз «Ортеке» туралы көптеген видеолар жүктеген.
Айта кетерлігі, Алтай аймағы Қаба ауданының қарт ұстазы Серік Қыдырмолла телехикаяда «Ортеке» күйін орындаған.
Серік Қыдырмолланың айтуынша, бұл қойылым бір кездері түрлі мереке-тойларда қазақ халқына кең тараған. Бірақ соңғы жылдары бұл өнер бірте-бірте жойылып барады. Алайда, «Менің Алтайым» телехикаясы жас ұрпаққа қазақтың көне мұрасын нәсихаттауға мүмкіндік берген.
Еске салайық, «Ортеке» биі 2022 жылы ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұрасының тізіміне енген болатын. Қазақтың бұл көне өнері Қытайдағы қазақтар мекендеген Алтай аймағының материалдық емес мұралар тізіміне енген.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы