Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобы атом холдингі кәсіпорындары бар өңірлерде тұратын тұрғындар үшін білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны «Байкен-U» ЖШС халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік жобаны іске асырды.
Білім беру шығындарын қаржыландыру бағдарламасы аясында 33 оқу орнында оқитын 165 студент, оның ішінде көпбалалы отбасынан 98 студент, толық емес отбасынан 34 студент; құрамында мүгедектік санатындағы отбасы мүшелері бар отбасылардан 43 студент көмек алды.
«Байкен-U» ЖШС-тің «Хорасан-2» кеніші Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы аумағында орналасқан. Сондықтан осы ауылдың өзінен, сондай-ақ Жаңақорған және Шиелі аудандарының ауылдық округтерінен шыққан студенттерге басымдық берілді. Сонымен қатар, Қызылордалық студенттердің өтінімдері мақұлданды.