Главная Новости Қазатомөнеркәсіп басшысы жас мамандармен жүздесті
18 қараша 2022, 11:15 475

Қазатомөнеркәсіп басшысы жас мамандармен жүздесті

Қазатомөнеркәсіп басшысы жас мамандармен жүздесті

Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Ержан Мұқанов корпоративтік орталықта және атом холдингіне қарасты кәсіпорындарда жұмыс істейтін жас мамандармен кездесу өткізді.

Кездесу Жас мамандар кеңесінің қызметін және компанияның жастар саясатын одан әрі дамыту жолдарын талқылауға арналды.

Жас мамандар кеңесі – атом холдингінде жұмыс істейтін белсенді жас мамандарды біріктіретін және жұмыс беруші мен жас жұмысшылар арасында тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретін қауымдастық.

«Қазір жас мамандарға ресурстарды инвестициялай отырып, біз компанияны болашақта білікті, талантты және бей-жай қарамайтын қызметкерлермен қамтамасыз етеміз деп үміттенеміз, – деді Ержан Мұқанов кездесу барысында. – Компанияның болашағы жас кадрларға тікелей байланысты деп санаймыз, бірақ сонымен бірге жоғары кәсіпқойлыққа қол жеткізу аға буын меңгерген тәжірибе мен білімді қабылдау арқылы мүмкін болатынын атап өткен жөн».

Қазатомөнеркәсіпте жас мамандарды дамытуға бағытталған Жас мамандар форумы, «Ізбасар», «Жас мамандар мектебі», Жастар хакатоны, «Izbasar games» зияткерлік ойындары және жаңадан қолға алынған «Тәлімгер» (тәлімгерлердің басшылығымен перспективалық идеяларды іске асыру) сияқты бірқатар бағдарламалар мен жобалар жұмыс істеп тұр.

Белсенді пікір алмасқан қатысушылар компания жастарын қолдау және дамыту бойынша өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыру туралы бірлескен шешім қабылдады.

Компанияның жас мамандары үшін өзекті мәселелерді, олардың идеялары мен ұсыныстарын талқылау үшін мұндай кездесулер енді тоқсан сайын өтеді деп жоспарланған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: