Главная Новости Қазатомөнеркәсіп пен ČEZ a.s. Чехияға уран концентратын жеткізу бойынша келісімшарт жасасты
16 апреля 2025, 11:15 1694

Қазатомөнеркәсіп пен ČEZ a.s. Чехияға уран концентратын жеткізу бойынша келісімшарт жасасты

Қазатомөнеркәсіп пен ČEZ a.s. Чехияға уран концентратын жеткізу бойынша келісімшарт жасасты

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ және чех компаниясы ČEZ a.s. Чехияның атом электр станциялары үшін қазақстандық табиғи уран концентратын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойды.

Келісім Қазатомөнеркәсіптің Еуропадағы жұмысының көкжиегін кеңейтіп, Компанияның әлемдік уран нарығындағы позициясын нығайтуға ықпал етеді. Қазақстандық уран Темелин атом электр станциясында алдағы жеті жылда пайдаланылатын Westinghouse жылу бөлетін құрамалар дайындауға қажет уранның үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді. Бұл Чехияның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, елді таза және тұрақты электр энергиямен қамтамасыз етудегі атом электр станциясының рөлін күшейтеді.

ČEZ, a.s. – атом энергетикасы саласында шешуші рөл атқаратын Орталық Еуропаның жетекші энергетикалық компаниясы. Чехияның электр энергиясына деген қажеттілігінің шамамен 36% қамтамасыз ететін екі алаң – Дукована мен Темелинде алты ядролық реакторды басқарады. Елдегі электр қуатының едәуір бөлігін өндіретін ČEZ басқа да энергия көздерін қоса есептегенде аймақты тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз етіп отыр.

Ресми қол қою рәсімі Прагадағы ČEZ a.s. бас кеңсесінде өтті. Қазатомөнеркәсіп осындай келісімдер жасау арқылы өткізу арналарын әртараптандыруға және дүниежүзі бойынша стратегиялық әріптестікті дамытуға ұмтылады.   

 «Осы Келісімге қол қоя отырып, Қазатомөнеркәсіп Еуропадағы өз қызмет аясын кеңейтуді және сату портфелін әртараптандыру стратегиясын нығайтуды жалғастыруда», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің коммерция жөніндегі бас директоры Владислав Байгужин. - Бұл әлемдік атом энергетикасы үшін таңдаулы серіктес болу жолындағы тағы бір маңызды кезең. ČEZ a.s.-мен серіктестік аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және декарбонизация мен тұрақты дамудың ортақ мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді».

Директорлар кеңесінің мүшесі, ČEZ a.s. атом энергетикасы дивизионының бас директоры Богдан Зронек: - «Біз үшін Қазатомөнеркәсіппен серіктестік орнату жеткізушілер портфолиосын әртараптандырады және ČEZ бен Чехия үшін стратегиялық маңызы бар қадам. Себебі, атом электр станцияларымызды тұрақты және сенімді отын көзімен қамтамасыз етеміз. Бұл энергия қажеттіліктерін қанағаттандырып, көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде декарбонизация жоспарымызды (VIZE 2030) жүзеге асыру үшін қажет», - деп атап өтті.

ÇEZ a.s.-мен келісімшарт Қазатомөнеркәсіптің жетекші табиғи уран өндіруші және жеткізуші мәртебесін нығайтып, компанияның халықаралық деңгейдегі табысты тарихын жалғастырады. Бұл мәміле екі компания арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, аймақтағы атом энергетикасының тұрақты дамуына ықпал етеді және Еуропаның энергетикалық ландшафтын өзгертудегі маңызды қадам болып табылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: