Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Түркістан облысының Созақ ауданындағы Шу-Сарысу уран провинциясында орналасқан Инкай-Мыңқұдық учаскесінде уранды барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алғанын хабарлайды. Лицензия 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге берілді. Жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі бұл учаске Инкай кен орнының Солтүстік қапталында жатыр.
«Инкай-Мыңқұдық учаскесін барлау минералды-шикізат базасын кеңейту және тиімді пайдалану бойынша біз бекіткен стратегияның маңызды бөлігі, сондай-ақ компанияның тұрақты өсуінің кезекті көрсеткіші болып табылады. Учаскенің әлеуеті зор, бұл оны ұзақ мерзімді пайдалану үшін перспективалы етеді. Біз уран кен орындарын іздеу және барлау саласындағы жұмысымыз әлемдік уран нарығындағы көшбасшылығымызды нығайтатын елеулі нәтижелер әкелетінін мақтан тұтамыз», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Р1 және Р2 санаттары бойынша Инкай-Мыңқұдық учаскесінің болжамды ресурстары 20 мың тонна ураннан асады. Жақын арада ресурстарды нақтылау және оларды С1 және С2 жоғары санаттарына ауыстыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл учаскенің әлеуетін тиімді пайдалануға және компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын табысты іске асыруға мүмкіндік береді.
Экологиялық тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікке назар аудару артқан қазіргі кезде атом энергетикасы таза энергияға жаһандық көшудің негізгі элементіне айналуда. Компания атом саласындағы әлемдік көшбасшы позициясын орнықты дамыту және нығайту арқылы осындай жаһандық өтуге жәрдемдесу бағытын ұстанған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
167
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете