Главная Новости Қазатомөнеркәсіп Қазақстан-Канада серіктестігін нығайтып жатыр
05 наурыз 2024, 12:00 368

Қазатомөнеркәсіп Қазақстан-Канада серіктестігін нығайтып жатыр

Қазатомөнеркәсіп Қазақстан-Канада серіктестігін нығайтып жатыр

Торонто қаласында «Prospectors and Developers Association of Canada (PDAC) 2024» жыл сайынғы конференциясы аясында Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің 6-шы пленарлық отырысы өтті.

Қазақстан тарапынан іскерлік кеңестің тең төрағасы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Канада тарапынан – Cameco Corporation президенті Тим Гитцель.

Жалпы отырыс қарсаңында қаңтар және ақпан айларында тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы және білім беру мәселелері бойынша 3 жұмыс тобының отырыстары өткізіліп, оларға 250-ден астам адам қатысты. Бұл отырыстарда екі елдің мемлекеттік құрылымдары мен бизнес өкілдері өзекті мәселелерді, оларды шешу жолдарын талқылады, өзара сауданы дамыту және инвестициялар тарту үшін ынтымақтастықтың басым бағыттары мен перспективалы жобаларды айқындады.

Пленарлық отырысқа канадалық және қазақстандық іскер топтардың атынан 150-ден астам адам қатысты. Іскерлік кеңес барысында энергетикалық қауіпсіздік, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарлары, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару, сауда, инвестициялар тарту, білім беру және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, канадалық делегацияны Канаданың халықаралық даму министрі Ахмед Хусейн (Ahmed Hussen) басқарды.

Бірінші панельдік пікірталас аясында кеңестің тең төрағалары Мейіржан Юсупов пен Тим Гитцель өзара ынтымақтастық және уран өнеркәсібін одан әрі дамыту, энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылық мәселелерін талқылады.

Іс-шараның спикерлері ретінде сондай-ақ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, Export Development Canada компаниясының және канадалық Альберта провинциясы үкіметінің өкілдері сөз сөйледі.

Жеке сессия Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Қазақстанның жоғары білімнің академиялық хабын құру жөніндегі жоспарларын ұсынған білім беру секторына арналды.

Сондай-ақ, іскерлік кеңес аясында Қазатомөнеркәсіп басшылығы канадалық серіктестермен және әлеуетті клиенттермен кездесулер өткізді.

Айта кету керек, Қазатомөнеркәсіп пен Cameco 1996 жылы Түркістан облысында «Инкай» бірлескен уран өндіруші кәсіпорнын құрудан басталған көпжылдық табысты ынтымақтастықты байланыстырады. Кәсіпорын өз қызметінің басынан бастап қауіпсіздік пен корпоративтік мәдениеттің үздік стандарттарын ұстана отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп келеді. Тек 2020-2022 жылдар кезеңінде «Инкай» БК» ЖШС 69 млн теңгеге жуық сомаға әлеуметтік сипаттағы жобаларды іске асырды, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына деп Түркістан облысының бюджетіне 193 млн теңге аударды.

Қазақстан-Канада іскерлік кеңесі жұмыс бастағалы бері Қазақстан мен Канада арасындағы әріптестікті нығайту үшін тиімді алаңға айналды. Қазатомөнеркәсіп ынтымақтастық бағыттарын әртараптандыру және екі елдің экономикасын дамыту мақсатында осы жұмысты жалғастыра бермек.

Пленарлық отырыс Қазақстан мен Канада елшіліктерінің және Канада-Еуразия сауда палатасының (СЕСС) қолдауымен өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: