Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 2023 жылғы 28 қыркүйекте Компанияның Директорлар кеңесі Компания басқармасы құрамындағы мынадай өзгерістерді мақұлдағанын хабарлайды.
Ержан Мұқанов мырза 2023 жылғы 2 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі - Компанияның басқарма төрағасы қызметінен кетеді. Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен «KAZAKH INVEST» басқарма төрағасы қызметін атқарған және 2015-2020 жылдар аралығында Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Мейіржан Юсупов мырза Қазатомөнеркәсіптің жаңа басшысы болып тағайындалды.
«Компанияның Директорлар кеңесінің атынан мен Мұқанов мырзаға геосаяси белгісіздік кезеңінде оның тиімді жұмысы мен Компанияны басқарғаны үшін алғысымды білдіремін, - деді Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин. – Ержан Мұқановтың басшылығымен Қазатомөнеркәсіп өндірістің жоғары тиімділігін көрсетуді жалғастырды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын кеңейту оның басшылығымен орындалған маңызды жетістіктердің бірі болып табылады. Директорлар кеңесі Мұқанов мырзаға Компанияның ұзақ мерзімді құндылық жасауға бағытталған стратегиясына көрсеткен адалдығы үшін алғыс білдіреді және оған болашақта барлық жақсылықты тілейді.
Уран нарығы бұрын-соңды болмаған дамуды көрсетуде: уран бағасы соңғы он екі жылдағы абсолютті жоғары деңгейге жетті. Уран саласында мол тәжірибесі бар Юсупов мырза, біздің ойымызша, уран нарығындағы жаңа өсу дәуірінде Компанияны басқаруға тамаша үміткер. Біз Юсупов мырзаның Компанияны IPO-ға шығару кезінде көрсеткен үлкен тәжірибесі мен жоғары тиімділігі, сондай-ақ оның Компанияның қоғамдық мәртебесін нығайтуға және оған деген сенімін арттыруға қосқан баға жетпес үлесі Компанияның қазіргі топ-менеджмент тобына күшті қосымша болады, сондай-ақ Компанияның өзі мен оның стейкхолдерлері үшін құндылық әкеледі деп санаймыз. Директорлар кеңесі Юсупов мырзаның стратегиялық көзқарасы, оның уран саласындағы мол тәжірибесі мен беделі, нарықтағы коммерциялық көзқарасымен қатар, Компанияның әлемдегі ең ірі уран өндірушісі және қоғамдық компания ретіндегі көшбасшылық позициясын нығайтуға бағытталады деп санайды. Барлық стейкхолдерлер үшін құндылықты барынша арттыруды қамтамасыз ету мақсатында біз Компанияның жаңа басшылығы инвестициялық қоғамдастықтың қажеттіліктеріне уақтылы жауап бере отырып және Компанияның барлық акционерлері, клиенттері, серіктестері мен қызметкерлері үшін ұзақ мерзімді құндылық құруды қамтамасыз ете отырып, өскелең уран нарығы жағдайында операциялық тиімділік пен еңбек өнімділігін арттыруға назар аударады деп санаймыз».
«Уран саласы үшін осындай маңызды кезеңдерде Компанияны басқару мен үшін үлкен мәртебе болды, - деді Мұқанов мырза. – Мен Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобының құрылымында өткізген он жеті жыл ішінде көптеген маңызды міндеттер мен жобалар орындалды Қазатомөнеркәсіптің барлық қызметкерлері мен басқарушы командасына адал жұмысы үшін, Қорға және Директорлар кеңесіне тұрақты қолдауы үшін зор алғысымды білдіремін».
«Қазатомөнеркәсіпке жаңа рөлде оралу мен үшін үлкен құрмет және мәртебе, мен Директорлар кеңесі мен Компанияның мажоритарлық акционеріне Қазатомөнеркәсіпті басқаруға берілген сенім мен мүмкіндік үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді Юсупов мырза. – Менің мансаптық жолымның көп бөлігі Қазатомөнеркәсіппен байланысты, мен уран нарығының күшті іргелі факторларына сенімдімін. Мен уран саласында болып жатқан тарихи оқиғалар кезеңінде Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы қызметіне - 2 - кіріскеніме қуаныштымын және Компанияның еңбекті қорғау, денсаулық және экология, корпоративтік басқару, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық мәселелеріне басымдық бере отырып, оның барлық стейкхолдерлері үшін ұзақ мерзімді құндылық құруға деген міндеттемесін сақтап қалуға ниеттімін».
Мейіржан Юсупов «Экономика және басқару» мамандығы бойынша Таяу Шығыс техникалық университетінің, экономикалық дамуды басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесі бар Лондон экономика мектебінің және Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бар Гарвард университетінің түлегі. Юсупов мырза 2010 жылы корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры ретінде Қазатомөнеркәсіпке келгенге дейін әртүрлі лауазымдарда болды. 2015-2020 жылдары Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен Компанияның шығындарын оңтайландыру, трансформациялау және цифрландыру бағдарламалары сәтті жүзеге асырылды. Юсупов мырза сонымен қатар Компанияны IPO-ға дайындау және шығару кезеңінде шешуші рөл атқарды. Ағымдағы тағайындауға дейін Юсупов мырза «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болды.