Главная Новости Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылы өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр
27 сәуір 2023, 16:12 1244

Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылы өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылы өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания», «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) Түркістан облысының Созақ ауданында күкірт қышқылы зауытын салу жобасын іске асыру мақсатында құрылатын «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) жаңа кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алғаны туралы хабарлайды. Серіктестіктің құрылтайшылары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (49%), «РУ-6» ЖШС (25%) және «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС (26%).

Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталып, әлеуетті инвесторды таңдау жүргізілуде. Өнеркәсіптік кәсіпорынды құрудың түпкілікті құны жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін айқындалатын болады. Күкірт қышқылы зауытының құрылысын бастау 2024 жылға, ал өндірісті іске қосу және толық жобалық қуатқа шығу 2026 жылға жоспарланып отыр.

Күкірт қышқылы – жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіруде қолданылатын негізгі реагент. Кеніштерге жақын орналасатын меншікті өндіріс Қазатомөнеркәсіпке қышқыл жеткізудің қосымша сенімді және ұзақ мерзімді көзін қамтамасыз етуге, тауарды жеткізу жолдарын қысқартуға, шығындардың өсуін барынша азайтуға және уран өнімінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. 

Кәсіпорын жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруді қамтамасыз ете алады. Бұл ретте зауыт жылуды кәдеге жаратудан ілеспе түрде 25-30 МВт*сағ электр энергиясын өндіріп, оның басым бөлігі энергия тапшы өңірдегі Компанияның еншілес ұйымдарына сатылатын болады. 

Жобаны іске асыру Қазатомөнеркәсіп үшін де, Түркістан облысы үшін де стратегиялық маңызға ие. Қазіргі заманғы күкірт қышқылы зауыты өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосуға, қосымша инвестициялар тартуға, жергілікті бюджетке салық түсімдерін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді – объектінің құрылысына 800-ге жуық адам, ал пайдалануға 500-ге жуық адам тартылатын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: