Главная Новости Қазатомөнеркәсіп құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа ашық
01 ақпан 2022, 08:30 1114

Қазатомөнеркәсіп құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа ашық

Қазатомөнеркәсіп құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа ашық

Компания Түркістан облысында жанар-жағармай материалдарының ұрлануына қатысты түсініктеме берді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарынан ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесу туралы хабарламасына қатысты мынаны мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Түркістан облысындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарынан жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтарды ұрлады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 197, 287 және 296-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазатомөнеркәсіп өз қызметінде кез келген құқық бұзушылықтарға ашықтық, айқындық және нөлдік төзімділік қағидаттарын басшылыққа алады. Компанияда құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және оларға қарсы жүйелі негізде жұмыс жүргізіледі.

Компания басшылығы құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа ашық және тергеуге қажетті көмек көрсетеді. Өзге де мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесінде жария етілмейді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: