Главная Новости Қазатомөнеркәсіп қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды
28 сентября 2026, 17:15 43

Қазатомөнеркәсіп қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды

Қазатомөнеркәсіп қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды

Астанада Еңбек күніне арналған «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумы өтті. Ауқымды іс-шара барысында жұмысшы мамандық өкілдері көп жылғы адал еңбегі мен ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін марапаттарға ие болды.

Салтанатты ұлықтау рәсімі кезінде Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны «Семізбай-U» ЖШС слесарі Оралбай Құсайынов «Құрмет» орденімен марапатталды. Білікті маманның жалпы еңбек өтілі 33 жылды құрайды.

Мемлекеттік награда Оралбай Айтпайұлының кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ, кәсіпорын мен өңірдің дамуына қосқан көп жылғы еңбегінің лайықты бағасы болды.

Марапат иесін жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасына амандық және еңбегіне толағай табыс тілейміз!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: