Главная Новости Қазатомөнеркәсіп пен Самұрық-Қазына бизнес-ортада парасаттылықты дамыту туралы конференция өткізді
03 желтоқсан 2024, 09:25 224

Қазатомөнеркәсіп пен Самұрық-Қазына бизнес-ортада парасаттылықты дамыту туралы конференция өткізді

Қазатомөнеркәсіп пен Самұрық-Қазына бизнес-ортада парасаттылықты дамыту туралы конференция өткізді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп «Жауапты бизнес – елдің тұрақты дамуының негізгі элементі» тақырыбында конференция өткізді. Іс-шара ашық және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық басымдықтарды қолдау шеңберінде Қазақстанның бизнес ортасында парасаттылық пен іскерлік этика мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Конференцияға Самұрық-Қазына, Қазатомөнеркәсіп, мемлекеттік органдар, PwC Kazakhstan халықаралық аудиторлық компаниясы, бизнес-қоғамдастық, ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Бүгінгі конференция – Қазақстандағы іскерлік ахуалды дамыту үшін маңызды оқиға. Парасаттылық пен бизнесті жауапкершілікпен жүргізу тақырыбына біздің елімізде әлі күнге дейін тиісті назар аударылған жоқ, және көптеген компаниялар комплаенс пен іскерлік этика мәселелерін ұзақ мерзімді табысты дамудың маңызды факторы ретінде емес, ресми талаптар ретінде қабылдайды, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин. - Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде корпоративтік басқару мен парасаттылықты дамытуды айқындады. Біз Қазатомөнеркәсіп компаниялары тобында парасаттылықтың бірыңғай мәдениетін қалыптастыра отырып, барлық еншілес ұйымдарға осындай жоғары стандарттарды енгіземіз».

«Биылғы жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының орындалуына мониторингтің кезекті раундын өткізді, оның нәтижелері еліміздің елеулі ілгерілеуін көрсетті. Жеке бөлім корпоративтік секторға арналды, бұл бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ортақ күш - жігердегі маңыздылығын көрсетеді, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов. - Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіруге өтінімін беру қарсаңында корпоративтік басқару және бизнестің парасаттылығы мәселелері бойынша іскерлік қоғамдастықта ашық диалогты дамыту ерекше маңызды. Бұл тақырыптарды сараптамалық деңгейде талқылау қазақстандық тәжірибеге халықаралық стандарттарды енгізудің тиімді тәсілдерін әзірлеуге көмектеседі».

Мейіржан Юсупов сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің тәжірибесі инвестициялық тартымдылықты арттыру, қаржыландыру тарту жағдайларын жақсарту, нарықтық позицияларды нығайту, жаһандық әріптестерді тарту және бизнес-тәуекелдерді азайту сияқты бизнес үшін адал мінез-құлықтың артықшылықтарын көрсететінін атап өтті.

«Еліміздің ірі холдингі ретінде Самұрық-Қазына бизнесті жауапкершілікпен жүргізу мәдениетін қалыптастырудағы өзінің ерекше рөлін түсінеді. Алайда, біз ел деңгейіндегі нақты өзгерістерге қол жеткізу үшін көптеген мүдделі тараптардың күш - жігерін біріктіру талап етілетінін түсінеміз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Елжас Отыншиев.

Сарапшылар қысқа мерзімді іс-қимылдардың ең өзекті бағыттары бизнесті жауапты жүргізу үшін ынталандыруды құруға бағытталған ұжымдық бастамаларды ұсыну болып табылады деп келісті. Сонымен қатар, корпоративтік басқару мен парасаттылықтың ұлттық стандарттарын дамыту үшін кәсіби қоғамдастық құру қажет. ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісімен өзара іс-қимыл Қазақстандағы үздік әлемдік әзірлемелерді пайдалану үшін күшейтілетін болады.

Қатысушылар корпоративтік басқарудың, сәйкестіктің және ESG бастамаларының сенімді нығайтудағы, ашықтықты арттырудағы және тәуекелдерді азайтудағы рөлін қарастырды, бұл сайып келгенде бәсекеге қабілеттілікті айтарлықтай арттырады, сондай-ақ осы принциптерді енгізудің табысты тәжірибелерімен бөлісті. Этикалық және бәсекеге қабілетті іскерлік орта құру үшін бизнестің, мемлекеттің және қоғамның өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Қазатомөнеркәсіп парасатты бизнесті ынталандырудың жаңа тетіктерін әзірлеуге және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін бизнесті жүргізудің жаңа стандарттарын жасауға қатысуды жоспарлап отыр. Осылайша, парасаттылық пен іскерлік этиканы одан әрі дамыту Қазақстанның бизнес ортасына деген сенімді нығайтуға және ашық әрі тиімді экономика құруға жәрдемдесетін болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: