Главная Новости Қазатомөнеркәсіп топ-менеджері мемлекеттік наградаға ие болды
18 қараша 2022, 08:15 1087

Қазатомөнеркәсіп топ-менеджері мемлекеттік наградаға ие болды

Қазатомөнеркәсіп топ-менеджері мемлекеттік наградаға ие болды

Көп жылғы жемісті еңбегі мен жоғары кәсібилігі, компанияның, атом саласы мен еліміздің дамуына қосқан жеке үлесі үшін Қазатомөнеркәсіптің ЯОЦ жөніндегі бас директоры Досболат Сарымсақовқа «Құрмет» ордені табыс етілді.

Досболат Сарымсақов еңбек жолын 1995 жылы мемлекеттік қызметте бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтында инженер, «Ядролық қаруды таратпау институты» қауымдастығының менеджері, кейін атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Қазатомөнеркәсіпте 2011 жылдан бері жұмыс істейді, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап ЯОЦ бойынша бас директор қызметін атқарады.

Қазатомөнеркәсіптің ядролық-отын циклін және ядролық-энергетикалық технологияларды дамыту саласындағы қызметіне жетекшілік ете отырып, Досболат Сарымсақов ҚХР атом электр станциялары үшін жылу бөлетін жинақтар өндірілетін жаңа «Үлбі-ЖБҚ» зауытын іске қосу жөніндегі жобаны іске асыруға елеулі үлес қосты.

Инновациялық кәсіпорынның ашылуы Қазақстанның атом электр станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобына кіруіне, сондай-ақ әлемдік атом саласының жетекші компанияларымен серіктестікті тарихи жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: