Главная Новости Қазатомөнеркәсіп Түркістан облысындағы жаңа учаскеде уран барлау құқығын алды
26 шілде 2024, 10:30 569

Қазатомөнеркәсіп Түркістан облысындағы жаңа учаскеде уран барлау құқығын алды

Қазатомөнеркәсіп Түркістан облысындағы жаңа учаскеде уран барлау құқығын алды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы Түркістан облысында орналасқан Жалпақ кен орнының «Шығыс» учаскесінде уран барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алғанын хабарлайды.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында Қазатомөнеркәсіптің өз қаражаты есебінен осы учаскеде жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде Р1 және Р2 санаттарындағы уран ресурстары бары анықталды. Алдын ала бағалаулар бойынша болжамды уран ресурстары 30 мың тоннаға дейін жетеді.  Уран ресурстарын С2 және С1 санаттағы қорларға көшіру үшін барлау жұмыстарын одан әрі жалғастырудың орындылығы расталды, соның нәтижесіне қарай учаскеде нақтыланған уран қорлары анықталатын болады.

Қазатомөнеркәсіп уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі іздеу жұмыстарының бағдарламасы аясында 6 жыл бойы барлау жұмыстарын жүргізіп, соңынан анықталған уран қорларын мемлекеттік балансқа қоюды жоспарлап отыр.  

«Біз уран кен орындарын іздеу және барлау саласындағы күш-жігеріміз Қазақстанның уран саласындағы жетекші әлемдік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал ете отырып, айтарлықтай нәтижелер әкелетінін мақтанышпен атап өтеміз, бұл уран нарығындағы өскелең сұраныс кезінде ерекше маңызды. Біздің зерттеулер мен әзірлемелеріміз бұдан кейін де уран ресурстарымызды едәуір арттырып, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті одан әрі қамтамасыз етуге және еліміздің экономикалық өсуіне ықпал ететініне сенімдімін», - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Энергетикалық қауіпсіздікке және энергия көздерін әртараптандыруға баса назар аударудың күшеюі атом энергетикасының қазба отынға таптырмас балама ретінде алдыңғы қатарға шығуына мүмкіндік берді. Табиғи уранның жетекші әлемдік өндірушісі және жеткізушісі ретінде Қазатомөнеркәсіп экологиялық таза энергияға көшу жөніндегі жаһандық күш-жігерді іске асыруда маңызды рөл атқарады және өз позицияларын сақтауға күш жұмылдырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: