Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" қызметкерлері Ресейде өткен кәсіби шеберлік бойынша AtomSkills-2025 чемпионатында жеңімпаз атанды.
Халықаралық байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларын бүгін Қор басшысы Нұрлан Жақыпов алғыс хаттармен марапаттады.
«Қазатомөнеркәсіп» командасы жеті негізгі бағыт бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында бұл нәтижелердің маңызы ерекше. Кәсіби дағдыларыңыз бен еңбектеріңіз осындай маңызды саланы дамытуға үлес қосатыны сөзсіз», – деді Нұрлан Жақыпов қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерін марапаттау барысында.
Қазатомөнеркәсіптің қызметкерлері ендігі кезекте жұмысшы мамандықтар жылы аясында іске асырылып жатқан 7 Qadam Master бағдарламасы бойынша кәсіби дамуын жалғастырады.
AtomSkills-2025 – атом саласындағы кәсіби дағдыларды дамытуға арналған ірі алаң. Чемпионат түрлі елдерден келген мамандардың басын қосып, озық технологияларды енгізуге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Биыл сайыстарға 12 елден 2 мыңнан астам адам қатысты.