Главная Новости Қазатомөнеркәсіпте жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды
28 қараша 2022, 12:16 943

Қазатомөнеркәсіпте жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды

Қазатомөнеркәсіпте жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды

Қазатомөнеркәсіп ұжымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің кездесуі өтті. Кездесуге «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері мен KAP Logistics, KAP Technology және «Семізбай-U» сияқты еншілес кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы талқыланды.

Қазатомөнеркәсіптің HR және цифрландыру жөніндегі бас директоры Әлібек Алдоңғаров Қазатомөнеркәсіптің өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа парасаттылық пен «нөлдік төзімділік» идеологиясын ілгерілете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Анар Жарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі ретінде Қазатомөнеркәсіп қызметкерлеріне стратегиялық құжаттың қалай құрылғанын, оның негізгі міндеттері мен іске асыру бойынша жоспарланған шараларды егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазатомөнеркәсіптің комплаенс қызметінің басшысы Самат Сарбасов Қазатомөнеркәсіптің комплаенс-жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары туралы әңгімеледі және Компанияның жария мәртебесін ескере отырып, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ғана емес, сонымен қатар листингтік ережелерді сақтау, санкциялық комплаенс, экологиялық комплаенс және тағы басқа элементтерді де қамтитынын атап өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: