Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қызылорда станциясында «Қазкөліккәсіп» ҚБ кубогы үшін теміржол футбол лигасының шағын футболдан іріктеу туры өтті. Дүбірлі додаға аймақтағы салалық ұжымдардан 8 құрама команда қатысып, жеңімпазға берілетін жолдаманы сарапқа салды.
Динамо спорт кешенінде өткен спорт сайысы ә дегеннен қызу басталды. Алдымен командалар бір-бірімен ойнап, ұпай санымен төрт құрама суырылып алға шықты. Жүлделі орын үшін тартысты ойын өрнегін өткізген олардың арасынан да үздіктер бір саты алға озып, нәтижесінде Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрамасы 3-орын, Қазалы айналым депосының «ТД-23» құрамасы 2-орын алса, Сексеуіл локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-36» командасы жүлделі жолдаманы еншіледі. Үздік ойыншылар мен командаларға кәсіподақ ұйымдары тарапынан диплом мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Турдың үздік қорғаушысы Қызылорда қосалқы бөлімі «НОДГП-10» командасының ойыншысы Бахытжан Жолдасбаев, үздік ойыншы аталымы «ЭЧ-25» Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Бейбіт Каменовке, үздік қақпашы аталымы Қызылорда жол дистанциясының «ПЧ-57» командасының қақпашысы Бақытжан Рыспановқа бұйырды.
Жүлдегерлерді марапаттауға «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов жалпы осындай форматта өткізілетін спорттық жарыстардың ұжымдық ынтымағының беки түсуіне себеп болумен қатар денсаулықтың шыңдалуына және әріптестер арасындағы қарым-қатынастың нығайып, достыққа ұласуына себепші болатынын жеткізіп, барлық командаларға алғыс білдірді.

Сабырхан Сейілбекұлы
Дереккөз: Қазақстан теміржолшысы
86
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
138
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
125
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету