Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шымкент қаласындағы «Биік» стадионында «Қазкөліккәсіп-2021» теміржолшылар футбол лигасы кубогының финалдық турнирі өтті. Қазақстанның әр аймағындағы іріктеуден өткен ең мықты командалар жиналып, екі күнге созылған спорт мерекесінің көрігін қыздырды.
Теміржол ұжымдарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ісін жандандыруды, кәсіподақ белсенділері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, компания кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбек ұжымдарының бірлігін нығайтуды мақсат тұтқан турнирдің ашылу салтанатына қатысқан «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов, Турнирді ұйымдастыру комитетінің құрамынан кәсіподақ ОК ұйымдастыру жұмысы және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов, турнирдің бас төрешісі Николай Хоботов қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынның тартысты да әділ өтуіне бір кісідей жұмылуға шақырды.
Жарыстың шымылдығын көкшетаулық «Транстелеком» мен ақтаулық «Құрық порты» командалары ашты. Келесі кезекте арыстық ШЧ-38 командасы «Достық» станциясының теміржолшыларымен шаршы алаңға шықты. Үшінші кезекте «Достық» командасы қарағандылық «ТЧЭ» командасымен, арыстықтар «Транстелеком» АҚ-мен, Қарағанды локомотившілері «Құрық портымен», «Транстелеком» АҚ «Достық» станциясымен бақ сынасты.
Жарыстың екінші күні де командалар бір-бірімен ауысып отырды. Айта кетейік, ойын өте қызықты да тартысты оқиғаларға толы болды. Бірінші күні қарағандылық локомотившілер командасының ойыншысы Игорь Ждановтың әйелі қыз босанып, команда жеңісін осы қуанышқа арнады. Ал ойынның екінші күні «Достық» командасының ойын шысы Дархан Қамытжановтың да әйелі қыз босанып, достықтықтар да бөріктерін аспанға атты… Сондай-ақ, турнирге жалғыз әйел ойыншы – көкшетаулық «Транстелеком» АҚ сату жөніндегі менеджері Екатерина Пяткинаның қатысуы да ерекше оқиға болды.

Командалар арасында ойын өте тартысты әрі қызу өтті. Алаңда теңбіл доп қуған теміржолшылар кәсіби футболшылардан кем ойнаған жоқ. Ақтаулық ойыншы Бақыткерей Әлібеков ең мықты қарсылас ШЧ-38 командасы болғанын айтады.
«Әр аймақтан ең күшті командалар келген, осалы жоқ. ТЧЭ командасы бірнеше рет чемпион атанып жатыр. Біз де екі рет вицечемпион атандық. Арыс командасы өте ұйымшыл, футбол тактикасын жақсы меңгерген, өте тез қимылдайды, осындай деңгейі жоғары командамен ойнағанымызға қуаныштымыз», – дейді Б.Әлібеков.
«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Бізге ең мықты қарсылас болып ШЧ-38 командасы жолықты. Алайда, соңғы минуттарда 2:1 есебімен соққы бердік. Теміржолшылар арасында осындай аймақаралық спорттық ойындар жиі өткізіліп тұрса екен. Әріптестер бір-бірімізбен танысып, араласып, мәре-сәре болдық. Ал Шымкент қаласынан алған әсерім ерекше, шырайлы қала атына сай екен, бірінші рет кеп тұрмын», – деді қарағандылық Думан Қуандық.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды арыстық ШЧ-38 командасы алды. Екінші орынды «Құрық порты» командасы, ал бірінші орынды қарағандылық ТЧЭ командасы иеленді. Бұдан бөлек, жарыста ең үздік ойыншылар да қоса марапатталды. Екі күнге созылған дүбірлі додадан соң қонақтар Түркістан қаласына экскурсияға аттанды.
112
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
308
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
154
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету