Главная Новости ҚазМұнайГаз 3,5 млрд қытай юані көлемінде облигациялар шығарды
28 августа 2026, 12:37 30

ҚазМұнайГаз 3,5 млрд қытай юані көлемінде облигациялар шығарды

ҚазМұнайГаз 3,5 млрд қытай юані көлемінде облигациялар шығарды

Биыл 26 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) жалпы көлемі 3,5 млрд қытай юанімен номинацияланған (Dim Sum) еурооблигациялар шығарылымына өтінімдер кітабын жапты.

Бұл шығарылым ҚМГ-ға еурооблигация нарығында компания тарихында алғаш рет қаржыны ең төменгі құнмен тартуға мүмкіндік берді. Қаражат ҚМГ-ның ауқымды инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру үшін жұмсалатын болады. ️ ҚМГ көлемі 1,5 млрд қытай юані және жылдық 2,3% купондық мөлшерлемесімен бес жылдық облигацияларды (кірістілігі 2,45%), сондай-ақ көлемі 2 млрд қытай юані және жылдық 2,8% купондық мөлшерлемесімен он жылдық облигацияларды (кірістілігі 2,98%) орналастырады.

Moody’s агенттігі аталмыш облигацияларға Baa1 кредит рейтингін берді, бұл ҚМГ-ның рейтингіне сәйкес келеді. Облигацияларды орналастыру 2026 жылғы 2 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Еурооблигациялар шығарылымына дейін Гонконг қаласында екі күндік роуд-шоу ұйымдастырылып, оның барысында Азияның жетекші инвесторларымен кездесулер өткізілді. Инвесторлардың тарапынан сұраныс артқан кезде өтінімдердің жалпы көлемі 25 млрд қытай юанінен асып,облигациялардың жарияланған көлемінен жеті есе көп болды.

Бұл Қытай мен Гонконгтан тыс елдердің эмитенттері шығарған Dim Sum облигациялары тарихындағы ең ірі өтінімдер кітабы болды. Инвесторлар қатарында банктер, сақтандыру ұйымдары, хедж-қорлар және мемлекеттік инвестициялық қорлар бар.

Бірлескен жаһандық үйлестірушілер, букраннерлер және жетекші менеджерлер ретінде BOC International, Bank of China (Hong Kong), China CITIC Bank International, Industrial and Commercial Bank of China (Asia) Limited және Citi болды. Сонымен қатар қазақстандық жетекші менеджер ретінде Halyk Finance, ал бірлескен жетекші менеджерлер мен букраннерлер ретінде BOCOM International және Industrial Bank Co., Ltd. Hong Kong Branch қатысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: