Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ National Geographic Qazaqstan журналымен бірлесіп, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының барлық мектебіне (900-ден астам мектеп) қазақ тіліндегі National Geographic журналына тегін жазылым жобасын бастады. Сонымен қатар ҚМГ мектептерге журналдың 2022 жылғы мұрағатын сатып алып берді.
Қызылорда қаласының №264 мектеп-лицейінде өткен іс-шараға ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, National Geographic Qazaqstan бас редакторы Еркін Жақып, қала мектептеріндегі география пәнінің мұғалімдері, орта және жоғары сынып оқушылары қатысты.
«Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зияткер ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына толық сай келеді. Бұл жолдағы маңызды қадам жаратылыстану-ғылыми, техникалық бағыттағы журналдарды оқу мәдениетін қайта жандандыру екеніне сенімдіміз. Оқушыларға пайдалы ілім мен жарқын жаңалықтар тілеймін», – деді ҚМГ басшысы.

Мағзұм Мырзағалиев таңдаудың National Geographic журналына түскені кездейсоқ еместігін, ол әлемнің 38 тілінде жарық көріп, оның мазмұнына әлемнің түкпір-түкпірінен 3000 астам зерттеуші жұмыс істейтінін атап айтты. Басылым география мәселелерін ғана емес, тарих, биология, антропология, ғарыш және медицина тақырыптарын да қамтып, оқырманның экология мәселелеріне көңіл бөлуіне әсер етеді. ҚМГ басшысының айтуынша соңғы аталған фактор да ұлттық компанияның саясатына сай келеді, оның маңызды құндылықтарының бірі – қоршаған орта қауіпсіздігі.
Бұдан бөлек, «ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасы «National Geographic Qazaqstan» журналының жаратылыстану ғылымдарын насихаттаумен қатар, мемлекеттік тілдегі сапалы контентті дамытуға қосып жүрген үлесін атап өтті.

Салтанатты рәсім кезінде Қызылорда облысы бойынша жазылу сертификаты жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мектеп олимпиадаларының қатысушысы мен жүлдегері, №264 мектептің 9-сынып оқушысы Санжар Сұлтанбекке табысталды.
Іс-шара соңында National Geographic өкілі жергілікті мектептердің мұғалімдеріне басылымның онлайн және оффлайн ресурстарын қолдану бойынша тренинг өткізді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
42
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
59
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды