Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компанияларының еңбек ұжымдары арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Мұнайшылардың спорт додасы ҚМГ 20 жылдығы мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына арналды.
Тамыздың 8-11 күндері өткен спартакиадаға 20-ға жуық еншілес кәсіпорыннан іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 400-ден астам спортшы қатысты. Жарыс үстел теннисі, үлкен теннис, шахмат, волейбол, баскетбол, жүзу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика тәрізді спорттың тоғыз түрінен өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 100 жыл және ҚМГ-ның 20 жылдығына орай өткен спартакиадаға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын. Сіздер еңбекте де спортта да жеңіс туын көтеріп, жастарға үлгі көрсетіп жүрсіздер. Бұл біздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін үлкен мақтаныш! Барлық қатысушыларға ҚМГ Басқарма төрағасының, еңбек ұжымының және жеке өз атымнан алғыс білдіремін, - деді спартакиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысқан ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев.

Жеңіске жеткен командалар мен қызметкерлерге медаль, диплом және кубоктар табыс етілді.
Сондай-ақ, спартакиада аясында ҚМГ құрамасының еліміздегі атақты «Қайрат» футбол клубымен өткізген футзалдан жолдастық кездесуі өтті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы