Главная Новости ҚазМұнайГаз Ақтөбе әуежайында ірі жанармай құю кешенінің құрылысын бастады
06 мамыр 2024, 14:00 745

ҚазМұнайГаз Ақтөбе әуежайында ірі жанармай құю кешенінің құрылысын бастады

ҚазМұнайГаз Ақтөбе әуежайында ірі жанармай құю кешенінің құрылысын бастады

Бүгін Ақтөбе халықаралық әуежайында жаңа жанармай құю кешенінің іргетасына капсула салу рәсімі өтіп, жобаны іске асыру басталды. Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов және «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры Ильдар Шамсутдинов қатысты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту бойынша міндеттер қойған болатын. ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз — Аэро» ЖШС-нің жаңа отын құю кешенін салу жобасы бұл міндеттерді орындауға бағытталған.

Жаңа отын құю кешені – бұл өңірлік әуежайда іске асырылып жатқан Қазақстандағы пилоттық жоба. Жаңа жанармай құю кешенінде РТ, ТС – 1 авиациялық отынымен қатар, Jet A-1 маркалы авиаотынды пайдалануға болады. Бұл жобаны жүзеге асыру өңірдің дамуына серпін беріп, әуежайдың бәсекелестігін арттырып, еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай дамытуға ықпал етеді.

Құрылыстың бірінші кезеңінде жанармайдың 600 текше метр көлемі сыятын жылжымалы отын құю кешенін (дөңгелекпен жүретін) салу және жанармай құятын екі көлік сатып алу көзделген.

Екінші кезеңде 20 мың текше метрлік стационарлық резервуар паркі, төгу-құю эстакадасы, диспетчерлік орталық және басқа да объектілер салынатын болады.

Жаңа кешен халықаралық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келеді. Жоба әуе тасымалдаушылары үшін отын сервисі сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жобаның аяқталуы 2026 жылға жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: