Главная Новости «ҚазМұнайГаз»: Алаяқтардан сақ болыңыз!
01 сәуір 2022, 09:15 1196

«ҚазМұнайГаз»: Алаяқтардан сақ болыңыз!

«ҚазМұнайГаз»: Алаяқтардан сақ болыңыз!

«ҚазМұнайГаз» әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа алданбауға шақырды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде және мессенджерлерде Қазақстан азаматтарының қаржысын инвестициялық жобаларға тарту туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы атынан жалған ақпарат таратушылар бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы таратылып жатқан жарнамалық хабарландыру өтірік екенін және бұл алаяқтыққа жататынын мәлімдейді. Барша қазақстандықтарды сақ болуға және тек ресми дерек көздеріне сенуге шақырамыз. Қандай әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«Еске саламыз, біз компанияның қызметі туралы барлық ақпаратты www.kmg.kz сайтында, сондай-ақ компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларында ғана жариялаймыз» делінген хабарламада.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: