Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ динамикалық жабдықтар мен қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.
Мағзұм Мырзағалиев кәсіпорын басшылығына қысқа мерзімде іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтауды, жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді және тұтынушыларға қорлардан мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, штаттан тыс жағдайлардың қаупін одан әрі азайту үшін қажетті жұмыстарды жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта зауытта іске қосу-реттеу шаралары жалғасуда, технологиялық объектілердің жұмысын кезең-кезеңімен қалпына келтіру, жабдықты мұнай өнімдері мен катализатордан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға тәулік бойы 250-ге жуық жұмысшы тартылған. Бүгінгі таңда бізде 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, төрт мың тонна керосин бар. Бензин мен дизель отынын тұтынушыларға жеткізу 5-6 күнге, керосин бір аптаға жетеді», – деп баяндады АМӨЗ бас директоры Мұрат Досмұратов.
Естеріңізге сала кетейік, жақында зауыт сыртқы электр желілерінен ажырап, салдарынан АМӨЗ жұмысы толық тоқтап қалды.

109
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!