Главная Новости ҚазМұнайГаз басшысы сала ардагерлерімен бас қосты
07 сәуір 2023, 08:20 1324

ҚазМұнайГаз басшысы сала ардагерлерімен бас қосты

ҚазМұнайГаз басшысы сала ардагерлерімен бас қосты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысына іссапары аясында елімізің мұнай-газ саласының дамуына үлес қосып, Бас компанияның еншілес мекемелерінде ұзақ жылдар еңбек еткен сала ардагерлері және қызметкерлерімен кездесті.

Басқосуға «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ардагерлерімен қатар, KPI, «ҚазТрансОйл», Атырау МӨЗ кәсіпорындарының ардагерлері мен қызметкерлері шақырылды. Қасиетті Рамазан айындағы ауызашар рәсіміне орайластырылған шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысты.

Кездесу барысында Мағзұм Мырзағалиев сала ардагерлерінің қара алтын өндірісіне сүбелі үлес қосып, өзіндік қолтаңбаларын қалдырған толымды еңбектеріне алғыс білдірді.

Бір топ ардагерлер сөз алып, мұнайшылар еңбегі, ардагерлерді құрметтеу, кейінгі ұрпақтың сара жолды жалғауы, ескі кеніштердің бүгінгі жәйі, аймақтың экологиясына қатысты сөз қозғап, ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесуді «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов қорытындылап: «Компанияның бүгінгі табыстары – кешегі сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Біз бұны жоғары бағалаймыз. Аман болыңыздар. Қасиетті Рамазан айындағы ниет, тілектеріңіз қабыл болсын!» деген жылы лебізбен аяқтады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: