Главная Новости ҚазМұнайГаз бен Axens екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде
05 қараша 2024, 11:03 474

ҚазМұнайГаз бен Axens екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде

ҚазМұнайГаз бен Axens екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен халықаралық Axens компаниясы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Құжатқа ҚМГ басшысы Асхат Хасенов пен Axens Басқарма төрағасы Квентин Дебуйшерт қол қойды.  

Келісім өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге бағытталған. Компаниялар Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отын (SAF) өндіру мүмкіндігін бірлесіп зерттеуді жоспарлап отыр. 

ҚМГ басшысы Axens-пен серіктестік орнату еліміздің энергетика секторына инвестиция тартуға, заманауи экологиялық стандарттарға сай келетін озық технологиялар енгізіп, жоғары сапалы отын өндірісін ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.  

Жаңартылатын отын түрлерін өндіру процестерімен байланысты Axens технологиялары «Қазақстан Республикасында тұрақты авиациялық отын өндіру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі аясында 2024-2025 жылдары қаралатын болады. 

Елімізде SAF өндіретін кешен салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны – «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС және «Эйр Астана» АҚ қатысуымен сәтті орындалды. Келесі кезең — жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу. 

Сонымен қатар Асхат Хасенов пен Квентин Дебуйшерт екіжақты кездесу өткізіп, мұнай өңдеу саласында техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: