Главная Новости ҚазМұнайГаз бен Bluewater жылжымалы айлақ құрылғылары саласында ынтымақтастық орнатты
10 мамыр 2024, 11:16 663

ҚазМұнайГаз бен Bluewater жылжымалы айлақ құрылғылары саласында ынтымақтастық орнатты

ҚазМұнайГаз бен Bluewater жылжымалы айлақ құрылғылары саласында ынтымақтастық орнатты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Bluewater Energy Services B.V.» компаниясы жылжымалы айлақ құрылғылары бойынша болашақ жобалар саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімге 10 мамырда Астанада қол қойылды.

Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Bluewater Energy Services» компаниясының вице-президенті Мишель Бонте (Michel Bonte) қол қойды. Келісім Қазақстанның отандық мұнай экспортын дамыту жөніндегі іс-қимылын нығайтуға бағытталған. Қол қойылған құжат шеңберінде «Bluewater» техникалық сарапшылары халықаралық тәжірибемен бөлісуге, атап айтқанда қазақстандық мамандарды Каспий және Қара теңіз акваториясында жылжымалы айлақ құрылғылары жобаларын іске асыруға оқытуды көздейді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандық мұнайдың қауіпсіз және үздіксіз экспортын қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет қойды. «Bluewater» бұл салада мол тәжірибеге ие. Бүгінгі қол қою рәсімі стратегиялық әріптестігіміздің маңызды кезеңін айқындай түседі», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Нидерланд фирмасының өкілі өз кезегінде «Bluewater Energy Services» ҚМГ және Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті дамытуға ниетті екенін атап өтті.

«ҚМГ-мен қол қойылған бүгінгі келісімнің арқасында елдің мұнай-газ секторын дамытуға қосымша үлес қосуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Бұл қос компания үшін, Қазақстан мен Нидерланд үшін де аса маңызды», - деді Мишель Бонте.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: