Главная Новости ҚазМұнайГаз бен TotalEnergies қуаты 1 ГВт ЖЭС салуды талқылады
18 сәуір 2022, 11:09 1739

ҚазМұнайГаз бен TotalEnergies қуаты 1 ГВт ЖЭС салуды талқылады

ҚазМұнайГаз бен TotalEnergies қуаты 1 ГВт ЖЭС салуды талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев TotalEnergies компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы жөніндегі аға вице-президенті Жульен Пужемен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және өзара жұмыстың басым бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, кездесуде Қашаған кен орнын игеруде мемлекет пен шетел инвесторларының экономикалық мүддесін сақтай отырып, алдағы игеру кезеңдерін кенішті пайдаланудың оңтайлы ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес жүзеге асыру маңыздылығы туралы айтылды.

Бұдан бөлек, электр энергиясын жинақтаушы жүйесі бар, жалпы қуаты 1 ГВт гибридтік жел электр стансасын салу мен пайдалануға беру жобасы талқыланды.

Ұлттық компания басшысы екі компания арасындағы ынтымақтастықтың болашағы жайында сөз қозғап, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық кезінде стратегиялық маңызы бар өндірістік нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесіне жіті назар аударды.

Өз кезегінде, Жульен Пуже компаниялар арасында қалыптасқан іскерлік қарым-қатынасқа жоғары баға беріп, TotalEnergies «ҚазМұнайГаз»-бен мұнай тасымалдау, Қашаған кен орнын дамыту, баламалы энергетика жобалары және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастығын жалғастыратынын атап өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: