Главная Новости «ҚазМұнайГаз» Диспетчерлік талдау орталығын ашты
26 қазан 2022, 11:00 1085

«ҚазМұнайГаз» Диспетчерлік талдау орталығын ашты

«ҚазМұнайГаз» Диспетчерлік талдау орталығын ашты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ғимаратында жаңа Диспетчерлік талдау орталығының ашылуы өтті. Жаңа орталықта «мұнай және өңделген мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу, маркетинг» бойынша ақпаратты қамтитын бірыңғай цифрлы платформа жасақталған.

Ол ҚМГ қызметінің барлық бағыттары бойынша деректерге мониторинг жасауға, бақылауға, талдауға, сақтауға, жинауға және өңдеуге мүмкіндік береді.

«Ақпаратты жедел, бірыңғай орталықтан алуға мүмкіндік беретін жаңа Диспетчерлік талдау орталығын іске қостық. Бұл бізге жедел ақпарат сапасын және ашықтықты арттыру арқылы ҚМГ активтерін басқару тиімділігін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді», – деді ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ, орталықтың талдау жүйесі Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті басқаруға арналған ақпараттық жүйемен интеграцияланған. Бұл кәсіпорындардағы жабдықтардың жағдайына онлайн технологиялық мониторинг жасауға, жедел диспетчерлік басқаруға және өнімнің материалдық балансын жүргізуге мүмкіндік береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: