Главная Новости ҚазМұнайГаз француз серіктестерімен ынтымақтастықты арттыруда
30 қараша 2022, 10:34 1303

ҚазМұнайГаз француз серіктестерімен ынтымақтастықты арттыруда

ҚазМұнайГаз француз серіктестерімен ынтымақтастықты арттыруда

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ өңдеу саласындағы жобаларға 100 млн еуроға жуық инвестиция тартуға ниетті. Бұл туралы ҚМГ және Air Liquide басшылығы кездесу барысында келісті.

29 қарашада ҚМГ мен Air Liquide Eastern Europe S.A. арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары кезінде француз іскер топтарының өкілдерімен кездесу барысында өтті.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС (ЭЛМТГ) бірлескен кәсіпорнының базасында жылына 160 мың тонна көлемінде қысқы дизель отынын өндіру үшін Павлодар мұнай-химия зауытында сутегі өндірісінің жаңа қондырғысын салу жобасы пысықталатын болады. Бұл өңдеу тереңдігін 84,2%-дан 88,3%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаның болжам бойынша құны – 60 миллион еуро.

Одан бөлек, ҚМГ-нің Атырау облысында полиэтилен өндіретін газ-химия жобасын іске асыру шеңберінде техникалық газдар өндірісі бойынша қондырғы салу жоспарлануда. Жобаға салынатын инвестиция сомасы болжам бойынша шамамен 40 млн еуроға жетеді.

Сондай-ақ тараптар декарбондау мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2020 жылмен салыстырғанда 2035 жылға қарай ЭЛМТГ кәсіпорны CO2 шығарындыларын 33%-ға қысқартуды және 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр. ЭЛМТГ Қазақстанда электр энергиясын барынша жаңартылатын көздерден сатып алуға ұмтылатыны атап өтілді.

«Air Liquide – біздің байырғы серіктесіміз, ынтымақтастығымыз «ҚазМұнайГаздың» үш зауытындағы (ПМХЗ, АМӨЗ, KPI) табысты тәжірибеге негізделген. Бірге 5 жобаны жүзеге асырдық, сутегі мен азотты жеткізуге 20 жылға дейінгі ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойдық. Бүгін қол қойған құжаттар бірлескен жобаларымызды одан әрі жемісті іске асыруға серпін береді. Air Liquide қондырғыларының энергия тиімділігін жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар пайдалану шығындарын және тиісінше техникалық газдардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп санаймыз», – деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар, Францияға жұмыс сапары барысында «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ мен Total Eren S.A. арасында 300 МВТ/600 Мвтс электр энергиясын жинақтау жүйесі бар жел электр станциясын (1 ГВт) салу мәселесі бойынша негізгі шарттар туралы келісімге қол қойылды.

Келісім тараптар арасында бірлескен кәсіпорын құру бойынша қатысу үлестері, мәмілені жүзеге асыру мерзімдері мен нысаны, қаржыландыру көздері және осы секілді өзге де негізгі шарттарды  айқындайды. Болжам бойынша, станцияны пайдалануға беру мерзімі – 2025 жылдың 4-тоқсаны.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: