Главная Новости ҚазМұнайГаз: Геологиялық барлауға инвестиция құю
30 апреля 2025, 20:16 1911

ҚазМұнайГаз: Геологиялық барлауға инвестиция құю

ҚазМұнайГаз: Геологиялық барлауға инвестиция құю

ҚазМұнайГаз және CNOOC «Жылыой» жобасын іске асыру бойынша талаптарды бекітті.

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев және CNOOC компаниясының Ресей мен Орталық Азиядағы жобалар жөніндегі бас менеджері Лю Бо Бірлескен қызмет туралы және Қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойды. Бұл құжаттар стратегиялық серіктестікті және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзит аймағында орналасқан «Жылыой» жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын бірлесіп іске асыру талаптарын бекітеді.

Айта кетсек, CNOOC Қазақстанға алғаш рет инвестиция құймақшы. Компания оны геологиялық барлау жобаларынан бастап отыр. Серіктестік «Жылыой» геологиялық барлау жобасын 50/50 тепе-тең талаптармен бірлесіп іске асыруды көздейді. Бұл ретте барлау кезеңін CNOOC қаржыландыратын болады.

Жоспарланған геологиялық барлау жұмыстарының минималды бағдарламасы мыналарды қамтиды:

  • 3D сейсмикалық барлау (дала жұмыстары, 400 шаршы км деректерін өңдеу және талдау)
  • 2D 400 бойлық км тарихи деректерді қайта өңдеу
  • 2000 м тереңдікте бір тұзүсті барлау ұңғымасын бұрғылау (тәуелсіз кезең)
  • 3D сейсмикалық барлау деректерінің нәтижелеріне қарай тереңдігі 4500 м бір тұзасты барлау ұңғымасын (тәуелді кезең) бұрғылау. 

Анықтама: CNOOC (ChinaNational Offshore Oil Corporation) — барлау мен өндірумен айналысатын мұнай-газ саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Ол халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатып, 20-дан астам елде ірі жобаларды іске асыруға атсалысады.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: