Главная Новости ҚазМұнайГаз және IFC метан шығарындыларын азайту жөніндегі ынтымақтастықты талқылады
27 маусым 2024, 11:21 304

ҚазМұнайГаз және IFC метан шығарындыларын азайту жөніндегі ынтымақтастықты талқылады

ҚазМұнайГаз және IFC метан шығарындыларын азайту жөніндегі ынтымақтастықты талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада 26 маусымда Халықаралық қаржы корпорациясының Таяу Шығыс және Орталық Азия, Түркия, Ауғанстан және Пәкістан бойынша өңірлік вице-президенті Хэла Шейхроух ханыммен кездесу өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан өткен жылы мұнай-газ секторын метанды азайтудағы басым салаға айналдыра отырып, жаһандық метан бастамасына (Global Methane Pledge) қосылды.

ҚМГ басшысы IFC өкілдеріне ағымдағы жылдың мамыр айының соңында OGMP 2.0 (The Oil & Gas Methane Partnership) серіктестігі бойынша міндеттемелер шеңберінде ЮНЕП-ке (БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы) жіберілген метан шығарындылары бойынша алғашқы есептілікті және Имплементациялау жоспарын дайындау барысында көрсеткен әдіснамалық қолдауы үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Хэла Шейхроух ханым 2025 жылы OGMP 2.0 шеңберінде ҚМГ-ның 2-ші есебі мен Имплементациялау жоспарын дайындау барысына IFC-ның техникалық және консультациялық қолдау көрсететіндігін атап өтті.

Тараптардың бірлескен күш-жігері метан шығарындыларын азайту әдістерін талдауға және анықтауға бағытталатын болады. Бұл жұмыстар IFC қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Кездесуде экономиканың тиісті секторларында, соның ішінде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көмірқышқыл газы мен метан шығарындыларын азайту жөніндегі мақсаттарды анықтай отырып, мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі сұрақтар да талқыланды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: