Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов вьетнамдық Sovico Group компаниясының Басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті.
Былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының Вьетнамға ресми сапары барысында ҚМГ мен Sovico арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Аталған құжат геологиялық барлау, авиаотын жеткізу, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуды көздейді.
Кездесуде вьетнамдық Sovico Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жекешелендіруі және халықаралық авиарейстерді жетілдіру жөніндегі жоспары ескеріліп, тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру, карбонды кредит жобаларына қатысты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап талқыланған мәселелерді жете пысықтау үшін ҚазМұнайГаз бен Sovico арасында арнайы топ құруға келісті.
Sovico Group — Вьетнамның 1990 жылдары негізі қаланған жетекші инвестициялық тобы. Компания қаржы, банк ісі, авиация, жылжымайтын мүлік, энергетика және цифрлық трансформация саласында жұмыс істейді. Соңғы жылдары компания көлік-логистика, қаржы, мұнай-газ және тау-кен секторларында келісімдер қабылдап, Қазақстанмен өзара ынтымақтастығын белсенді дамытып келеді. Сондай-ақ Sovico Group қазақстандық әуе компаниясы сатып алуды жоспарлап отыр, мәміле 2024 жылы қыркүйекте аяқталмақ. Бұл компанияның өңірде азаматтық авиацияны дамытуға қатысты өршіл мақсаттарының дәлелі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы