Главная Новости ҚазМұнайГаз Жаңаөзенде Оқушылар сарайын салып берді
12 января 2026, 14:40 57

ҚазМұнайГаз Жаңаөзенде Оқушылар сарайын салып берді

ҚазМұнайГаз Жаңаөзенде Оқушылар сарайын салып берді

Жаңаөзен қаласында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы ашылды. Қала үшін маңызы бар жоба Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Бахытжан Таубаев, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

Болашақ сарайы балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық, ғылым және спорт саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Ғимаратта робот техникасы, бағдарлама жасақтау, 2D/3D модельдеу, шет тілдері, киім дизайны және қолөнер, шахмат, вокал, сондай-ақ классикалық және халық аспаптарын үйрену кабинеттері жабдықталған.

Бұған қоса, жаңартылатын энергия көздері, қолданбалы және жаратылыстану ғылымдарына баулитын зертханалар, бейнелеу өнері студиясы, хореографияны, актерлік шеберлікті, журналистиканы меңгеруге арналған телестудиясы мен ағаш шеберханалары жұмыс жасайтын болады.

Орталық жоғары технологиялық құралдармен, компьютерлік техникалармен және қажетті заттармен жарақтандырылған.

Кешен аумағын абаттандыруға ерекше назар аударылды: амфитеатр, субұрқақ, футбол алаңы, сондай-ақ арт нысандары бар аллея салынды.

Ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрден асады. Оқушылар сарайы бір күнде 1500-ге дейін баланы қабылдай алады. Нысан ҚазМұнайГаз-дың еншілес компаниялары — «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ak Su KMG» ЖШС қолдауымен салынды.

Болашақ сарайы балалардың жан-жақты дамуына, дарыны мен қабілетін шыңдауға және сапалы білім алуына мүмкіндік береді. 2025 жылдың соңында Жаңаөзен және оған жақын орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қуаты 50 мың текше метрді құрайтын «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауыты іске қосылды. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. ҚМГ әлеуметтік жауапты компания ретінде өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде білім беретін, мәдени, медицина және спорт нысандарының бой көтеруіне үнемі мән беріп келеді. Бұл бастамалар арқылы ұлттық компания тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге өз үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады, — деді ҚМГ басшысы А.Хасенов.

Сонымен қатар Оқушылар сарайының салтанатты ашылуы барысында балаларды тасуға арналған жаңа шағын автобустың кілті табысталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: