Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Жеңіс» оффшорлық жобасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді.
ҚМГ стратегиясы мұнай мен газдың ресурстық базасын көбейтуге бағытталған, бұл өз кезегінде, көмірсутек қорын молайту бойынша ұзақмерзімді жоспарды іске асыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта геологиялық барлау жобалары жүзеге асырылады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кен орындарында қосымша барлау жүргізіледі.
Геологиялық барлау саласында нәтижені дөп басып айту қиын. Бұрғылау қорытындысы бойынша көмірсутек қорын болжанған көрсеткіштен төмен болуы ықтимал, кейде тіпті ұңғыма бос болып шығуы мүмкін. Әлемдік статистикаға сәйкес, болжам деңгейі 20-30%-ды құраса, табысқа жету әбден мүмкін, бұл тәуекелге барып, инвестиция тартуға негіз бола алады.
«Жеңіс» - геологиялық барлау бағытындағы оффшорлық мұнай-газ жобасы. Операторы – «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС және «Лукойл Қазақстан Апстрим» ЖШС, бұл компаниялардың жобаға қатысу үлесі 50/50.
Жобаға кіріспес бұрын оның нәтижелі болуы 20% деңгейінде бағаланды. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және учаскенің өнімді болуын нақтылау үшін кэрри-қаржыландыру тетігі бойынша Серіктестің («Лукойл» компаниясының) инвестициясы тартылды. Кэрри-қаржыландыру дегеніміз геологиялық барлау кезеңінде жобаға қатысушы Серіктес инвестицияның 100%-ын салып, алдағы уақытта өндіру есебінен бұл шығынын қайтарады. Ал геологиялық барлау кезеңі сәтсіз аяқталған жағдайда, жұмсалған шығын өтелмейді.
Өкінішке қарай, «Жеңіс» құрылымында іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылау жұмысы нәтиже бермеді, көмірсутек қоры анықталмады. Геологиялық болжам расталмады. Дегенмен, геологиялық бұрғылау жұмысының нәтижесінде алдағы уақытта ҚМГ-ның басқа да жобаларына қажетті жер қойнауының құрылымы туралы қосымша ақпарат алынды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
125
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
117
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы