Главная Новости Қазмұнайгаз қолдауына ие болған өнерпаз
22 ақпан 2024, 15:27 920

Қазмұнайгаз қолдауына ие болған өнерпаз

Қазмұнайгаз қолдауына ие болған өнерпаз

Балғынбек Әбдісаттаров – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тумасы. ҚазМұнайГаздың «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 2023 жылдың қазанында Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжіне қабылданған, 1-ші курста оқиды.

Балғынбек ҚМГ білім беру бағдарламасы бойынша еліміздің ең үздік өнер ордаларының бірі – «Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде» оқуға мүмкіндік берілгеніне өте қуанышты.

Ол «Мұқағали Мақатаев оқуларының», «Балалар интелектуалды клубы» жарысының, «Акбота», интелектуалды олимпиадасының, «Urker Qazaqstan 2019» республикалық өнер және білім байқауының жеңімпазы. Сонымен бірге Балғынбек колледж қабырғасында «Tashkent Music Festival» Халықаралық конкурс-фестивалына қатысып, I дәрежелі лауреты атанды.

Сүйікті пәні: қазақ әдебиеті. Бос уақытында кітап оқуды, домбыра тарту мен футбол ойнағанды ұнатады. Музыкалық аспаптар сүймелдейтен іс-шаралардың белсенді мүшесі. Бала кезінен домбыра шертеді. Оның болашақтағы арманы – Қазақтың күйлерін бойына сіңіріп, келешек ұрпаққа насихаттау.

Әкесі – Бақтыбай Әбдісаттарұлы Елеусінов – Жаңаөзеннің Мәдениет үйінде қызмет атқарады. Анасы – Райхон Зәріпбайқызы Бекниязова – есепші болып жұмыс істейді, көп балалы ана ретінде балалардың тәрбиесімен айналысады. Сегіз адамнан тұратын Балғынбектің үлкен отбасында – барлығына өнер дарыған, әрқайсысының таланты ерекше: атасы – домбырашы, әкесі – асаба және әнші, бауырлары актер ретінде белгілі және де әртүрлі аспаптарда ойнайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: