Главная Новости ҚазМұнайГаз компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы Спартакиада өз мәресіне жетті
16 июня 2026, 11:15 31

ҚазМұнайГаз компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы Спартакиада өз мәресіне жетті

ҚазМұнайГаз компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы Спартакиада өз мәресіне жетті

Астанада ҚазМұнайГаз Спартакиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті. 12-15 маусым аралығында өткен спорттық іс-шараға ұлттық компанияның 39 еншілес және тәуелді ұйымынан келген 900-ден астам қызметкер қатысты.

Қатысушылар төрт күн бойы спорттың 15 түрінен, атап айтқанда футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, армрестлинг, киберспорт, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық, садақ ату, үстел теннисі, жүзу, сондай-ақ жеңіл атлетика (эстафета және жеке жүгіру) жарыстарынан бақ сынап, шеберлігін, командалық рух пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

ҚМГ басшылығы мен еңбек сіңірген спорт шеберлері қатысушыларды жарыстың сәтті аяқталуымен құттықтап, жеңімпаздарға кубоктар мен дипломдар табыстады.

Спартакиада еліміздің түкпір-түкпірінен келген ҚМГ қызметкерлерінің басын қосқан маңызды спорттық алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жарыстар спортшылардың жоғары дайындық деңгейін ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыстың, өзара қолдау мен корпоративтік бірліктің үлгісін паш етті.

Спартакиада жеңімпаздарын құттықтаймыз және іс-шараға белсенді қатысқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: